12 апта ішінде идеядан нәтижелі жобаға дейін
Astana Hub жас стартаптарды инкубация бағдарламасына шақырады
“Балық емес, қармақ бер”. Бұл — Astana Hub-тағы стартап-мәдениетті дамытуға бағытталған барлық бағдарламалардың ұраны. Бұл ретте “Regional & Online Incubation” бағдарламаның рөлі ерекше. Бұл – дамудың бастапқы кезеңдеріндегі стартаптарды қолдаудың басты құралдары.
Incubation бағдарламасының екінші легіне өтінімдер қабылдау басталғанын жариялаймыз! Биыл ол екі форматта өтеді: Алматы, Шымкент, Атырау, Петропавл қалалары үшін — оффлайн және барлық басқа өңірлерге — онлайн.
Қатысушылар 12 апта ішінде идеяларын стартап деңгейіне дейін дамыта алады. Сонымен қатар, сізде жеке ментордың басшылығымен қатысушыларды білім беру воркшоптары, трекшн-кездесулер, консультациялар және пікірлестер қауымжастығына қосылу мүмкіндігі болады. Бағдарлама стартаптарға идеялардың өміршеңдігін тексеруге, өз жобасын дамыту бойынша сараптамалық қолдау алуға көмектеседі.
Бағдарламаның арқасында әрбір стартап дамудың келесі сатысына өтуге мүмкіндік алады:
- идеядан - прототипке дейін;
- прототиптен - алғашқы сатылымға дейін.
Сонымен қатар, үздік жобалар әлеуметтік желілерде және astanahub.com платформасында белгіленеді.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 9 шілдеге дейін.
Назар аударыңыздар! Орындар саны шектеулі!
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін