Қазақстанның стартап-экожүйесі сандық тұрғыдан тұрақты өсіп келеді: 2020 жылдан бері зерттеу базасындағы стартаптар саны шамамен бес есеге артты, ал жұмыс істеп тұрған стартаптардың шамамен 60%-ы соңғы төрт жылда құрылған. Венчурлік қаржыландыру көлемі 23 еседен астам өсіп, RISE болжамы бойынша 2026 жылы $460 млн-нан асуы мүмкін. Нарықтың келесі міндеті — сандық өсімнен тұрақты табысқа және халықаралық нарықтарда ауқымды дамытуға көшу. Сауалнамаға қатысқан стартаптардың жартысына жуығы халықаралық нарықтарды басым бағыт деп санайды, алайда олардың барлығы бұл қызығушылықты нақты сатылымдарға айналдыра алмай отыр.
Астана, 2026 жылғы 3 қазан. AI & Digital Bridge 2026 форумында Қазақстан стартап-экожүйесіне арналған алғашқы ұлттық Kazakhstan Startup Landscape 2026 зерттеуі таныстырылды. Зерттеу Қазақстандағы 1 500-ден астам стартапты қамтиды. Оны RISE Research & Advisory тәуелсіз сараптама агенттігі Astana Hub және Sapa Group компанияларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен дайындады. Зерттеу қазақстандық стартаптың алғашқы сатылымдардан бастап жаһандық масштабтауға дейінгі даму жолын қарастырып, компаниялардың өсуіне не ықпал ететінін және қандай кедергілерге тап болатынын көрсетеді.
«Kazakhstan Startup Landscape 2026 зерттеуі Қазақстанның стартап-экожүйесінің дамуы мен оның әрі қарайғы бағытын айқындайтын негізгі үрдістер туралы нақты деректерге негізделген көрініс береді. Зерттеу экожүйенің қазіргі жағдайын объективті бағалауға және одан әрі өсу бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар, инвесторлар, корпорациялар және нарықтың басқа да қатысушылары үшін бұл неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға көмектесетін құрал», — деп Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтті.
Қазақстанның стартап-экожүйесі ауқымын кеңейтуде: зерттеу базасында 1 500-ден астам стартап, алғашқы юникорн және 2026 жылы $460 млн-нан асатын инвестиция болжамы
Зерттеу базасындағы стартаптар саны 2020 жылғы шамамен 300-ден 2026 жылы 1 500-ден астамға дейін өсті, дегенмен бұл өсімнің бір бөлігі базаның қамту ауқымының кеңеюіне байланысты болуы мүмкін.

Осы кезеңде зерттеуде көрсетілген венчурлік қаржыландыру көлемі 2020 жылғы $20 млн-нан өсті және RISE болжамы бойынша 2026 жылы $460 млн-нан асуы мүмкін. Базадағы 200-ден астам компания венчурлік қаржыландыру тартқан, олардың 45-і $1 млн-нан астам инвестиция алған. Ал Higgsfield AI юникорн (нарықтық бағалау құны $1 млрд-тан асатын стартап) мәртебесіне жетті. Ұлттық Digital Qazaqstan стратегиясы 2029 жылға дейін кемінде үш қазақстандық юникорнның жаһандық нарықтарға шығуын көздейді.
Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 2020 жылғы $35 млн-нан 2025 жылы $1,1 млрд-қа дейін өсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Бұл көрсеткішке тек өнімдік стартаптар ғана емес, IT саласындағы басқа да компаниялар кіреді.
Сауалнамаға қатысқан табыс табатын стартаптардың 76%-ы алғашқы кірісін бір жыл ішінде алған, бірақ масштабтау бизнес-моделдерін өзгертеді
Өнімінен табыс тауып отырған және алғашқы кірістің қашан пайда болғанын көрсеткен 380-ге жуық стартаптың 76%-ы өнім іске қосылғаннан кейінгі алғашқы бір жыл ішінде алғашқы табысын алған, ал шамамен 52%-ы алғашқы алты айда кіріс таба бастаған. Бұл көрсеткіштер компаниялардың алғашқы сатылымдарға қаншалықты жылдам шыққанын көрсетеді, алайда оның өзі бизнестің тұрақты немесе масштабталатын моделінің қалыптасқанын білдірмейді.
Бизнестің өсуімен корпоративтік клиенттердің рөлі артады: олардың үлесі бастапқы кезеңдегі компаниялардың клиенттік базасында шамамен 53%-ды құраса, масштабталатын компанияларда бұл көрсеткіш шамамен 65%-ға жетеді. Монетизация тәсілі де өзгереді: жазылымға негізделген модельді (SaaS) бастапқы кезеңдегі компаниялардың шамамен 65%-ы, ал масштабталатын компаниялардың шамамен 48%-ы қолданады, оларда бір реттік өнім сатылымдарының, лицензиялар мен енгізу қызметтерінің үлесі артады.
Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 82%-ы өз өнімдерінде AI қолданады
Жасанды интеллект сауалнамаға қатысқан компаниялардың 82%-ының өнімдерінің бір бөлігіне айналған: 30%-ы AI-ды өнімнің негізгі элементі ретінде атаса, тағы 52%-ы оны жеке функция ретінде пайдаланады. Бұл ретте AI қолданудың өзі компанияны автоматты түрде AI-стартапқа айналдырмайды.
«Қазіргі таңда жұмыс істейтін базалық AI-өнімді бірнеше аптаның ішінде жасап шығаруға болады, сондықтан технологияның өзі бірегей бәсекелік артықшылық болудан қалды. Стартаптар үшін негізгі міндет — қауіпсіздік пен нақты unit-экономика алдыңғы орынға шығатын тұрақты, практикалық шешімдерге көшу. Қазіргі нарық дәлелденген экономикалық тиімділік пен сенімділікке төлем жасауға дайын : инфрақұрылым мен есептеу қуатына салынған инвестициялар нақты бизнес нәтижесі арқылы қайтарылуы керек, ал архитектура жергілікті контексті ескере отырып, сезімтал деректердің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Жеңіске жететін командалар — жай ғана жауаптар генерациялайтын емес, деректерді нақты әрекетке барынша жақындатып , бизнестің P&L көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін өнімдер жасайтын командалар», — деп Sapa Group директоры Айша Прашева атап өтті.
Ерте кезеңдегі стартаптардың 47%-ы инвесторларға қолжетімділікті іздейді, ал бизнес өскен сайын басымдық корпоративтік клиенттер мен халықаралық нарықтарға ауысады
Компания алғашқы өнімін жасап жатқан кезде ең негізгі кедергі ретінде қаржыландыруға қолжетімділік жиі аталады. Ал алғашқы пайдаланушылар пайда болғаннан кейін басты назар клиенттерді тарту мен сатылымдарға ауысады. Ерте кезеңдегі стартаптардың шамамен 47%-ы инвесторларға қолжетімділікті басымдық деп атайды. Ал масштабталатын компаниялар үшін корпоративтік клиенттерге қолжетімділік (39%) және халықаралық деңгейде танымалдық пен PR-ға деген қажеттілік (шамамен 30%) маңыздырақ бола бастайды.
Масштабтау кезеңіне сәтті өткен компаниялардың негізін қалаушыларымен жүргізілген сұхбаттар өсімнің бір ғана емес, бірнеше факторға байланысты екенін көрсетті. Стартаптардың негізін қалаушылары көбіне сенімді байланыстар мен беделді, кәсіби желілер арқылы инвесторлар мен клиенттерге қолжетімділікті, мақсатты нарықтағы қатысуды, сондай-ақ клиенттер санының динамикасын және қаржыландыру барынша шектеулі болған кезеңдерден өту қабілетін атап өтті.
«Зерттеу стартаптың даму деңгейіне қарай оның қажеттіліктері қалай өзгеретінін көрсетеді: өнімді жасау кезеңіндегі қаржыландырудан бастап шетелдік нарықтардағы корпоративтік тапсырыс берушілер мен серіктестерге қол жеткізуге дейін. Astana Hub үшін қолдау жүйесін осы кезеңдерді ескере отырып құру маңызды: негізін қалаушыларға клиенттер табуға, бизнес-модельді тексеруге және масштабтауға дайындалуға көмектесу қажет. Акселерация, кәсіби байланыстар және инвесторлармен жұмыс нақты нәтижеге — тұрақты табыс пен бизнестің өсуіне бағытталуы тиіс. Компанияардың сұранысқа ие өнімдер жасап, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуы — экожүйенің жетілу деңгейін айқындайтын негізгі фактор», — деп Astana Hub басқарушы директоры Рината Илюбаева атап өтті.
Масштабтау кезеңіндегі компаниялардың 40%-ында шетелде төлейтін клиенттері бар, ал ерте кезеңдегі компанияларда бұл көрсеткіш 16%
«Халықаралық нарықтарға деген қызығушылық стартаптарда жеткілікті ерте пайда болады: ерте кезеңдегі және масштабталатын компаниялар шетелдік нарықтарды шамамен бірдей жиілікпен басым бағыт ретінде атайды. Алайда Қазақстаннан тыс нарықтарға шығу ниеті мен нақты сатылымдардың арасында елеулі айырмашылық бар. Масштабталатын компанияларда шетелде төлейтін клиенттердің болуы ерте кезеңдегі компанияларға қарағанда екі жарым есе жиі кездеседі. Бұл бизнестің неғұрлым жетілген кезеңдерінде халықаралық нарықтарға шығу жоспарының болуы ғана емес, оны тұрақты сатылымдарға айналдыра алу қабілеті маңызды екенін көрсетеді», — деп RISE Research & Advisory директоры Айнұр Жантурина атап өтті.
Әдістеме
Kazakhstan Startup Landscape 2026 зерттеуі RISE Research & Advisory базасына (Қазақстанның 1500-ден астам стартаптары мен технологиялық компаниялары), 2018 жылдан бергі жарияланған венчурлік мәмілелер базасына, стартаптар арасында жүргізілген сауалнамаға және масштабталатын компаниялардың негізін қалаушыларымен өткізілген 30 тереңдетілген сұхбатқа негізделген. Сауалнама барысында 682 жауап алынды. Тексеруден кейін және расталған қайталама өтінімдерді біріктіру нәтижесінде зерттеуге 602 жарамды жауап енгізілді. Сауалнама деректері оған қатысқан компанияларды сипаттайды және бүкіл стартап-экожүйесінің толық санағы болып табылмайды: респонденттер арасында жас компаниялар мен экожүйелік бағдарламаларға қатысушылардың үлесі жоғары.
Kazakhstan Startup Landscape 2026 есебінің толық нұсқасы RISE Research & Advisory сайтында қолжетімді.
Компаниялар туралы
RISE Research & Advisory — Орталық Еуразиядағы технологиялық нарықтар мен жаңа цифрлық экономикаға маманданған тәуелсіз зерттеу және консалтинг агенттігі. RISE негізгі нарықтық сигналдарды анықтап, оларды дәлелді аналитика мен практикалық ұсынымдарға айналдырады. Агенттік бизнеске, инвесторлар мен мемлекеттік институттарға стратегиялық шешімдерді негізді түрде қабылдауға көмектеседі.
Astana Hub — Орталық Еуразиядағы ең ірі IT-стартаптар халықаралық инновациялық кластері. Экожүйеде шамамен 2500 IT-компания тіркелген, олардың 500-ден астамы шетелдік қатысуы бар компаниялар.
Sapa Group — жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиялары негізінде FinTech, WorkTech, smart city және мобильділік салаларында шешімдер әзірлейтін қазақстандық компаниялар тобы. Оның қызметіне Орталық Азия бойынша 300-ден астам серіктес сенім білдіреді. Технологиялар мен салалық сараптаманы біріктіре отырып, топ өңірдегі банктер, телекоммуникация компаниялары және нақты сектор үшін end-to-end CX және экожүйелік өнімдерді енгізеді.