Әйелдер негізін қалаған климаттық стартаптарға арналған халықаралық акселерация бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр
Климаттық технологиялар саласындағы жобаларды дамытып жүрген әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған She Wins Climate EECAT халықаралық акселерация бағдарламасына өтінім қабылдануда. Бағдарлама IFC (Дүниежүзілік банк тобы) бастамасымен, Adelphi, VC4A және EBAN ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылады.

Қатысушылар инвестиция тартуға дайындық бойынша қарқынды оқудан өтіп, менторлық қолдау мен кәсіби қауымдастыққа қол жеткізу, сондай-ақ өз жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарлама аясында ұсынылатын мүмкіндіктер:
- Инвестиция тартуға дайындайтын халықаралық сарапшылардың оқыту курстары;
- Сала көшбасшыларымен жеке менторлық және нетворкинг;
- Питчинг пен сторителлинг бойынша воркшоптар;
- Инвестициялық мәмілелерге қолдау көрсету;
- Климаттық технологиялар саласындағы әйел кәсіпкерлердің жаһандық қауымдастығына қосылу.
Бағдарламаға климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған, технологияға негізделген, бастапқы кезеңдегі және әйелдер құрған стартаптар қатыса алады. Өтінім берушілер Шығыс Еуропа немесе Орталық Азия елдерінде заңды түрде тіркелген болуы тиіс.
Ұйымдастырушылар климат саласында инновациялық шешімдер ұсынып отырған болашағы зор 25 стартапты іріктеп алуды жоспарлап отыр.
Өтінім беру мерзімі – 2025 жылғы 7 сәуірге дейін.
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Kuandyk Sadykov · Наурыз 31, 2025 23:10
🚀❤️🌷
Лада Магсумова · Наурыз 31, 2025 21:07
🔥
Бибигуль Кандарбекова · Наурыз 31, 2025 11:40
Поддерживаю