AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында жылдың басты стартап-сайысы — Astana Hub Battle өтеді. Технологиялық командалар өз жобаларын таныстырып, үздіктер қатарынан көрінуге және 100 000 доллар көлеміндегі жүлде қорынан үлес алуға мүмкіндік алады.
Astana Hub Battle — өз жобаларын көпшілікке таныстырып, даму әлеуетін паш етуге дайын стартаптар бас қосатын үлкен алаң. Бұл байқау нарыққа қажетті өнімдер мен оңтайлы шешімдер ұсынатын технологиялық кәсіпкерлерді бір ортаға тоғыстырады.
Сайысқа төмендегі талаптарға жауап беретін стартаптар қатыса алады:
- жеке технологиялық өнімі немесе шешімі болуы;
- жобаның MVP немесе одан жоғары кезеңде болуы;
- өнімге деген нарық сұранысының расталуы;
- ресми тіркелген компаниясының болуы;
- стартап негізін қалаушының 18 жасқа толуы.
Astana Hub Battle-дің жалпы жүлде қоры — 100 000 доллар. Бұл сома төрт номинация арасында тең бөлінген, яғни әр бағыт бойынша 25 000 доллардан қарастырылған:
- Impact Maker — $25 000;
- Market Shaper — $25 000;
- Growth Engine — $25 000;
- Investor’s Choice — $25 000.
Astana Hub Battle байқауына қатысу стартаптарға жылдың басты технологиялық алаңдарының бірінде өз жобасын таныстырып, оның мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Сонымен қатар жобаны одан әрі дамытып, ауқымын кеңейтуге қажетті қаржылық қолдау үшін бақ сынасуға зор мүмкіндік береді.
Өтінім беруге арналған сілтеме