Astana Hub серіктесі өз компаниясына шешім енгізу мақсатында қызмет агрегаторын іздеуге байқау жариялады
Орталық Азиядағы ірі Astana Hub IT-стартаптар технопаркі Dimpulse және OpenSky компанияларымен бірлесіп, тауарлар мен қызметтер агрегаторының функциялары бар технологиялық шешімдер мен стартап-жобаларды іздейді.
Ізденіс мақсаты — қызмет көрсетушілердің базасын қамтитын технология түрінде OpenSky чартерлік рейстер платформасындағы тауарлар мен қызметтерді агрегациялау функциясы бар шешімдерді иелену немесе біріктіру.
Стартап шешімі келесі бағыттардың бірін қамтуы керек:
- мейрамханалар мен тамақтану компаниялары және борттық тағамды таңдау агрегаторы, ;
- қонақ үйлер мен үй-жай ұсынатын, яғни орналасу қызметтерін ұсынатын агрегатор;
- жолаушылар мен экипаждарды тасымалдауға арналған трансфер қызметін көрсетушілердің агрегаторы;
- ҚР әуе кемелеріне отын құюға арналған авиаотынды жеткізушілер агрегаторы.
Жобаға қойылатын негізгі критерийлер мен талаптар:
- технологиялық шешім өтініш берушінің жеке жобасы болуы керек;
- өтінім берген кезде стартап-жобаның презентациясы да қоса жүктелуі тиіс;
- MVP және одан да жоғары сатыдағы дайын шешімнің немесе стартаптың болуы маңызды;
- шешімнің немесе стартаптың құны жылына шаққанда 10 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін. Өтінімді конкурс сайтында беруге болады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін