Қазақстандық CYBERPACK.AI стартапы күтпеген қолдауға ие болды – Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жобаға 25 мың долларды сыйға тартты. Мектептерде STEM-білімді дамытуға бағытталған бұл жоба Digital Bridge 2025 халықаралық форумындағы Astana Hub Battle финалы кезінде кәсіпкердің назарын аударды.
Павел Дуровтың бұл қадамы білім беру бастамаларына деген қызығушылығын, дарынды жастарға қолдауын және оқыту жүйесінде цифрлық технологияларды дамытуға назарын айшықтайды.
CYBERPACK.AI – мобильді қосымша, веб-платформа және балаларға арналған ғылым, технология, инженерия, өнер мен математика бағытындағы (STEAM-жинақтар) оқу конструкторларын біріктірген қазақстандық стартап. Жоба мұғалімдерге арналған веб-платформаны, әдістемелік бағдарламаны, педагогтерді даярлау жүйесін және жарыстарды да қамтиды. Мұндай тәсіл 7–18 жас аралығындағы оқушыларға ғылыми жобалар жасауға, олимпиадаларға дайындалуға, инженерлік ойлауын дамытуға және техникалық ЖОО-ларға түсу мен болашақ мансапқа қажет ғылыми портфолио қалыптастыруға ықпал етеді.
Бір жыл ішінде CYBERPACK.AI өз өнімін Қазақстан мен Әзербайжандағы 70 мектепке енгізді. Бұдан бөлек, халықаралық ICRC жарысын іске қосты және еліміздің өңірлеріндегі мемлекеттік мектептермен серіктестікті белсенді түрде кеңейтіп келеді.
Стартап Astana Hub-тың Startup Garage инкубациялық бағдарламасынан өтіп, жобаны енгізген мектеп санын 10 есе арттырды, халықаралық нарыққа шықты және масштабтауға арналған жүйелі процестерді жолға қойды.
Сыйға алған қаражат өндірісті ұлғайтуға, мобильді қосымшаны және AI-модульді дамытуға, әзірлеушілер, инженерлер мен әдіскерлер санын көбейтуге, сондай-ақ өңірлік білім беруді дамытуға және халықаралық нарықтарға шығуға бағытталмақ.
Еске салсақ, Telegram ресми түрде Astana Hub-тың қатысушысы атанып, Қазақстанда кеңсе ашты және alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында AI-зертханасын іске қосты.