Алматыда Қазақстандағы тұңғыш Тинькофф бағдарламалау орталығы ашылады
Тинкофф орталықты маусым айының соңына дейін ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компания елордада тағы бір орталық ашу жоспары туралы орталық директоры Сергей Борисов онлайн отырыста айтып кетті.
19 мамырда технологиялық митап барысында Алматыда TБО (Тинькофф бағдарламалау орталығының) ашылуы туралы айтты. Жаңа орталықта алматылық әзірлеушілер, өнім менеджерлері, талдаушылар, сапа инженерлері, SRE инженерлері және басқа да мамандар Ресей мен Беларусь мамандарымен бірігіп, Tinkoff компаниясының ондаған сервистерін құруға және дамытуға үлестерін қоса алады.
«Тинькофф үнемі дарынды IT мамандарын іздеуде. Ұзақ мерзімді стратегиямыздың бір бөлігі ретінде 2016 жылы біз аймақтық орталықтарды іске қоса бастадық, олардың міндеті — айналамызға күшті IT қауымдастығын тарту және оны қалыптастыру болып табылады. Осындай алғашқы хабтардың бірі Санкт-Петербургтегі бағдарламалау орталығы болды. Қазір Ресейде, Минскіде, ал енді Алматыда осындай 22 орталық бар. Қазақстан ІТ саласының дамуы жағынан ең тартымды аумақтардың бірі болып табылады, сондықтан біз ол жерде бағдарламалау орталығын ашуды бұрыннан жоспарлап жүрміз. Бүгінгі таңда Tinkoff-та жалпы 6 мыңнан астам IT-маман жұмыс істейді және олардың кем дегенде жартысы Мәскеуден емес», - деді Вячеслав Цыганов, ақпараттық технологиялар бойынша директоры, Tinkoff вице-президенті.
Жалпы Tinkoff-тың осындай 22 орталығы бар: Ресейде, Беларусьте және Қазақстанда. Сондай-ақ, компания өкілдері Нұр-Сұлтанда екінші бағдарламалау орталығын ашуға қызығушылық танытты.
Айта кету керек, бұған дейін Tinkoff бағдарламалау орталығында компания барлық біліктілік деңгейіндегі үміткерлерді - техникалық жоғары оқу орындарының студенттерінен бастап, озық IT мамандарына дейін тартуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін