astanahub.com платформасының мүмкіндіктері кеңейеді

Astana Hub технопаркі astanahub.com платформасы базасында "Ұлттық инновациялық жүйе" бірыңғай терезесі пилоттық жобасының іске қосылғанын қуана хабарлайды.


Бұл қадам платформаны дамытудағы маңызды кезең болып табылады және Қазақстанның инновациялық экожүйесінің барлық қатысушысы үшін бірыңғай терезе бола отырып, оны масштабтау мен кеңейту үшін мол мүмкіндікке жол ашады. Енді IT-саласының қатысушылары ғана емес, сонымен қатар инноваторлар, ғалымдар, зерттеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар және экожүйенің басқа қатысушылары платформаның бағдарламалары мен қызметтерін пайдалана алады.

Жоба 2023 жылғы 7 желтоқсанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысында қабылданған шешімімен қолдау тапты. Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп тұр және тұрақты пайдаланушылар үшін мүмкіндіктерді кеңейту және жаңа аудиторияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында кейбір жаңартулар мен модификациялар енгізілді.

Порталдың негізгі мақсаты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерден (ҒЗЖТК) бастап оларды барлық салаларда коммерцияландыру және экспортқа шығару, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы компанияларында цифрлық шешімдерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерінде Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту болып табылады.

“Барлық кәсіпорындар, инноваторлар және ғылыми қоғамдастық өкілдері осындай платформа бар екенін білуі керек. Оның шеңберінде ҒЗТКЖ саласындағы тапсырыс берушілер мен мердігерлер бір алаңда өзара іс-қимыл жасай алады, тапсырыстарды орналастыра немесе қабылдай алады. Ең бастысы - платформа пайдаланушыларға ыңғайлы болуы керек",-деді премьер-министр.

Жақын арада платформада инновациялық экожүйеге қатысушылар үшін мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар үшін технологиялық шешімдерді орналастыру және іздеу алаңын қоса алғанда, жаңа функциялар енгізілетін болады. Әрбір пайдаланушы қажетті ресурстар мен соңғы зерттеулерге қол жеткізіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін оңай таба алады.

Бұл жаңашылдық astanahub.com платформасын барлық мүдделі тараптар үшін неғұрлым құнды және көп функциялы етуді көздейтін "Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесін" дамыту стратегиясының бөлігі болып табылады.  

Пікірлер 23

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

Сәттілік!

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

Очень интересно я впечетлен такой разработкой продумано все до мелочей 😌

Жауап беру

классно очень!

Жауап беру

Вашу как классно!

Жауап беру

керемет!!!

Жауап беру

Отлично

Жауап беру

керемет!!!

Жауап беру

Казахстан тек қана алға!

Жауап беру

Wow, cool 👍

Жауап беру

хорошая новость!

Жауап беру

Классно

Жауап беру

Это очень здорово!

Жауап беру

Будет всё лучше и лучше)

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

Классно!

Жауап беру

Важно понимать что это новая система не будет повторять единую информационную систему "Наука Казахстана" разработчиком которого является МНВО с выстраиванием цифровой экосистемы науки.

Жауап беру