Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев делегацияға alem.ai кеңістігі бойынша экскурсия өткізіп, еліміздің жаңа цифрлық келбетін қалыптастырып жатқан негізгі жобалар мен технологиялық бастамаларды, сондай-ақ халықаралық инновациялық кластердің экожүйесін таныстырды. Қонақтарға AI Cinema, Технологиялық серпіліс мұражайы, Tomorrow School және TUMO Astana білім беру бағдарламалары көрсетіліп, отандық tech-командалар мен JET, weglobal.ai және AMAN стартаптарының әзірлемелері таныстырылды.
Білім беру бағытына да ерекше назар аударылды. QAIRU халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Мадина Тыныбаева Қазақстандағы алғашқы AI-университетті таныстырды. Университет жасанды интеллект саласындағы жаңа буын мамандарын даярлайтын маңызды алаңға айналмақ.
2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған болатын. ЕО делегациясының alem.ai орталығына келуі Қазақстанның тек технология тұтынушысы ғана емес, сонымен қатар жаһандық AI-күн тәртібінің толыққанды қатысушысы болуға ұмтылып отырғанын көрсетеді.