Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Astana Hub-қа сапармен келді

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Astana Hub халықаралық IT-стартап технопаркіне сапармен келді.


Кэти Лич ханымға Alem бағдарламалау мектебіне экскурсияны мектеп кеңесінің төрағасы Данабек Қалиаждаров жүргізді. Сапар барысында ол мектептің ерекшеліктері, жетістіктері мен озат оқушылары туралы айтып берді.

Еске салайық, Alem – Орталық Азиядағы өзара оқыту қағидаттарына негізделген алғашқы тегін бағдарламалау мектебі. “Alem”-де оқыту жобаларды талдау және әзірлеу негізінде, мұғалімдердің қатысуынсыз дарынды оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады.

Кездесуге Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев қатысып, технопарк жұмысының нәтижелеріне тоқталып, Қазақстандағы ІТ-экожүйені дамыту жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, елшіге технопарк қатысушылары үшін қолжетімді Astana Hub мүмкіндіктері туралы ақпарат берілд, атап айтқанда: салықтық преференциялар, әлемдік сарапшылардың шеберлік сабақтары мен семинарларына қолжетімділік, тегін жұмыс кеңістігі, халықаралық IT-стартап технопаркінде өткізілетін бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі.

Қонақтар UvU (балаларды қауіпсіз тасымалдау қызметі) стартабының командасымен танысты. Жобаның бас директоры және тең негізін қалаушысы Мадияр Төлеуғали стартаптардың жетістіктеріне тоқталып, Astana Hub-тың ерекше рөлін атап өтті. https://uvu.kz/ 

Astana Hub халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда. Айта кетейік, жақында ғана Astana Hub өкілдері Иордания Хашимит Корольдігінің Елшілігінің өкілімен кездесті.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін