Alem.ai – Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамытуға, талантты жастарды тартуға, болашағы зор жобаларды қолдауға және AI мен IT саласындағы бастамаларды ілгерілетуге бағытталған инновациялық кеңістік. Ол елдің цифрлық экономикасын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі – Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев AI-Driven Government тұжырымдамасын таныстырды. Бұл – мемлекеттік процестерді талдау және басқару, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген шешімдер қабылдауға ықпал ететін орталық.

Сапар барысында alem.ai-дың негізгі кеңістіктері көрсетілді. Сингулярлық музей қонақтаға AI әлемін көрсетіп, оның тарихы мен технологиялардың жұмыс қағидаттарын сипаттады. Көрнекілік жасанды интеллекттің XVII ғасырдағы философиялық ойлардан бастап қазіргі нейрожелілер мен генеративті модельдерге дейінгі даму жолын айшықтайды. AI Cinema – 180° панорамалық проекциясы бар әлемдегі алғашқы иммерсивті кинотеатр, мұнда жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнелер көрсетіледі. Ал балаларға арналған аймақта жеткіншектер арнайы қарындаштармен қабырғаға сурет салса, нейрожелі суреттерге жан бітіреді. Бұдан бөлек USTEM Foundation таныстырған робототехника аймағы да қонақтардың назарына ұсынылды.

Халықаралық нарықтарда табысты жұмыс істеп жүрген Astana Hub қатысушыларының қызметі туралы да айтылды. Атап айтқанда:
Kazdream – бағдарламалық әзірлеу, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және деректер аналитикасы бағыттарында жұмыс істейтін Қазақстанның жетекші IT-холдингі. Компания ML және AI шешімдерін дамытып, Еуропа, ТМД, Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азияны қоса алғанда, 11-ден астам елде жұмыс жүргізеді.
Jet – электросамокаттар, электровелосипедтер және пауэрбанктерді жалға беретін шерингілік суперапп. Қызмет Орталық Азияда, Кавказда және Латын Америкасында микромобильділік пен экологиялық көліктің көшбасшысы ретінде танылды, ал 2021 жылдан бері Армения нарығына шықты.
Arlan Biotech – генеративті жасанды интеллектке негізделген платформасы арқылы дәрі-дәрмек әзірлеу үдерістерін жеделдетеді. Жүйе ақуыз нысаналарына дәл келетін антидене тізбектерін бірнеше минут ішінде қалыптастыруға мүмкіндік беріп, зерттеу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.
TrustExam – емтихандардың адал өткізілуін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларын қолданады. Жүйе білім беру, кадрлық және мемлекеттік ұйымдарда пайдаланылады.
Relog.AI – жасанды интеллектке негізделген B2B-платформа, ол логистика және қалалық жеткізу үдерістерін оңтайландырады. Компания Арменияны қоса алғанда, 11 елдегі 900-ден астам клиентпен жұмыс істейді.
Daryn Online – еліміздегі жетекші білім беру платформасы. Бүгінде Қазақстанда қарқынды дамып, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжанда аясын кеңейтіп, Түркия нарығына шығуға дайындықты бастады.
Alaqan – алақан тамырлары арқылы биометриялық төлем жасауға мүмкіндік беретін шешім. Стартап Қазақстаннан тыс нарыққа белсенді шығып, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Армения және Сингапурда ұсынылған.