ҚР Премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі мейманға Astana Hub бойынша экскурсия жүргізіп, оның құрылымы мен негізгі бағыттарын таныстырды.
Мемлекет басшысымен бірге келген ресми делегация құрамында Эстония үкіметінің, парламентінің мүшелері, жетекші университеттердің ректорлары, технология және бизнес саласының мамандары келді.
Қонақтар Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің жұмысымен танысты. Бұл — Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Ол Astana Hub базасында, француз бағдарламашысы әрі педагог Николя Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында жұмыс істейді. Мектеп студенттері 50-ден астам жобаны меңгеріп, Golang, Rust, JavaScript, Python сияқты 20-дан астам бағдарламалау тілін игереді. Оқу соңында студенттер жасанды интеллект инженері, бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшаларды әзірлеуші және басқа да бағыттар бойынша мамандануға мүмкіндік алады.
Эстондық делегацияға Astana Hub стартаптарының бірқатар инновациялық шешімдері ұсынылды:
- WeGlobal AI — мектеп оқушылары мен абитуриенттерге кәсіби бағдар беріп, университетке түсу жолында бағыт-бағдар көрсететін ЖИ-платформа;
- TrustExam — онлайн, гибридті және офлайн емтихандардың адалдығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ЖИ негізіндегі платформа;
- Qalan — диагностика және интеллектуалдық қолдау жүйесі бар математика пәнін жекелеген деңгейде оқытуға арналған ЖИ-платформа;
- Daryn.online — жетекші оқу орындарына түсуге және маңызды емтихандарға дайындыққа арналған онлайн-мектеп.
Сапардың қорытынды бөлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның ІТ-экожүйесін таныстырды. Ол мемлекеттің цифрлық бастамалары, ІТ-компанияларды қолдау бағдарламалары, кадрлық әлеуетті арттыру және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту шаралары туралы айтты.
Айта кетейік, Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық кластер, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ-мамандарын дайындап, стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда кластерде 1800-ден астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 450-ден астамы – халықаралық компания. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.