Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильда Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.
Сапар барысында Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев жоғары мәртебелі қонақтарға жасанды интеллект технологияларын енгізуге, адами капиталды дамытуға және инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған Alem.ai орталығының ұзақ мерзімді даму стратегиясын таныстырды. Сондай-ақ ол TUMO Astana және Tomorrow School бағдарламаларын қамтитын орталықтың білім беру экожүйесі туралы баяндады. Бұл бағдарламалар жасөспірімдердің цифрлық дағдыларын дамытудан бастап, болашақ жасанды интеллект мамандары мен технологиялық кәсіпкерлерді даярлауға дейінгі білім берудің түрлі кезеңдерін қамтиды.
Қазақстан мен Бельгия арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Мағжан Мадиев жасанды интеллект және математика саласындағы бірлескен қазақ-бельгиялық айналы зертханасын таныстырды. Зертхананың алғашқы әзірленіп жатқан бастамалары қатарында жасанды интеллект, нейроғылым және бейімделмелі оқыту салаларындағы зерттеулерді біріктіретін NeuroLearn жобасы, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен Паркинсон ауруын ерте анықтау әдістерін әзірлеуге бағытталған ParkScreen жобасы бар.
Сапардың ерекше символдық оқиғаларының бірі — Гент университетінің дарынды қазақстандық оқушылар мен студенттерге телескоп сыйға тартуы болды. Телескопқа физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Франсуа Энглер, Герард ’т Хоофт және Мишель Майордың, сондай-ақ бельгиялық ғарышкер Франк Де Винненің қолтаңбалары қойылған.
Alem.ai орталығына сапар аясында мемлекет басшылары мен екі елдің жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан мен Бельгия ректорларының форумы өтті. Қатысушылар жасанды интеллектіні білім беру мен ғылыми зерттеулерде қолдану перспективаларын, академиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия университеттері ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойды.