Мемлекет басшыларына музей экспозициясы көрсетіліп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берілді. Музей экспозициясында XVII ғасырдағы философиялық идеялардан бастап заманауи нейрожелілер мен генеративті модельдерге дейінгі AI эволюциясы көрсетіліп, интеллектуалды технологиялардың жұмыс істеу қағидаттары таныстырылды. Сонымен қатар президенттерге 180 градус проекциямен жабдықталған, жасанды интеллект көмегімен жасалған контент көрсетілетін әлемдегі алғашқы иммерсивті AI Cinema кинотеатры таныстырылды.
Аlem.ai алаңында Astana Smart City жүйесі де таныстырылды. Бұл Presight компаниясы және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан елорданы цифрлық трансформациялауға арналған AI-жоба.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткен бұл сапар Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын айқындады.