Біз сіздерді My Ventures венчурлық қорымен серіктестікте Astana Hub және Draper University атынан тегін пре-акселерацияға шақырамыз.

Бағдарламаның бірінші кезеңіне іріктеу 7 сәуірде аяқталады. Екі апталық онлайн пре-акселерацияға дейінгі бағдарламада сіз құнды тәжірибе, ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардан құнды тәжірибе, білім және инсайт аласыз.


Пре-акселерацияға дейінгі бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін 20 үздік стартап екінші кезеңге қабылданып, Кремний алқабына аттанады.

Бағдарлама Astana Hub субсидиялайды және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркиядан келген технологиялық стартаптар, IT-аутсорсингтік компаниялар үшін әзірленген.

Astana Hub арнайы баға ұсынысына мыналар кіреді:
- Co-living, co-working spaces;
- Fundraising opportunities;
- Networking;
- Кремний алқабының үздік сарапшыларының сараптамасы;
- Тәлімгерлік.

Ең көрнекті бес стартапқа бағдарламаның серіктесі My Ventures 30.000 доллардан бастап, қосымша инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады.

Hero Training туралы толық ақпарат және өтінімдерді қабылдау сілтеме арқылы.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін