Қарапайым сөзбен agile жайлы

Astana Hub өз аудиториясы үшін ең өзекті және алуан түрлі тақырыптарды қозғауға тырысады. Мысалы, кеше community қатысушылары технопарктің жаңа резиденті – ITS Partner IT-компаниясымен бірге "оффшорлық компаниялар", "agile" және "SCRUM" сияқты ұғымдармен жақын танысты.


Белоруссиялық компанияның басшылары Виталий Калатало мен Андрей Романюк команданың көп бөлігі қашықтан жұмыс істейтін халықаралық компанияда тиімді жұмыс моделін қалай құру керектігін айтты.

- Оффшорлық командаларда жұмыс жасауда белгілі бір қиындықтар бар. Біріншіден, бұл — барлық қызметкерлерді бір жерге жинап, уақыт белдеулері мен қашықтықтың айырмашылығына байланысты мәселелерді тез талқылау мүмкін еместігі. Бақытымызға орай, қазіргі заманғы байланыс құралдары бұл мәселелерді ішінара шешеді. 

Виталий мен Андрей ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатудың құпияларымен бөлісті.

- Біздің ұранымыз: "қателікте ешкім кінәлі емес, жай бір нәрсе дұрыс болмай қалды". Осының себебін бәріміз бірге іздейміз. 

Спикерлер кез-келген командадағы жұмыстың негізгі ұстанымдары икемділік, ашықтық, дұрыс мотивация (тек қаржылық ынталандыру емес), сауатты оң және теріс кері байланыс деп атайды. Сонымен қатар, әр түрлі елдердің өкілдерімен жұмыс жасау барысында мәдени ерекшеліктерді ескеру қажет.

- Ең тиімді нәтиже команданың қажеттіліктері мен Тапсырыс берушінің сұраныстары тең дәрежеде ескерілгенде ғана болады. Тапсырыс беруші сіз сияқты онымен жұмыс істейтін тұрақты командаға мұқтаж екенін есте ұстаған жөн.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін