Astana Hub Бішкекте Қырғызстанның IT нарығымен кездесті

29 сәуірде Astana Hub және Қырғызстанның Жоғары технологиялар паркінің өкілдері Бішкекте IT компанияларымен кездесті. Шараға Қырғызстанның IT нарығының 60-қа жуық өкілі қатысты.


Кездесуде Astana Hub Орталық Азия нарығына шығуға мүдделі IT-компанияларды қолдау құралдарын ұсынды: салықтық жеңілдіктер, шетелдік қатысушылар үшін жеңілдетілген виза және еңбек режимі, оқыту және технологиялық бизнесті дамыту үшін инвестиция іздеуге көмек.

Қырғызстанның Жоғары технологиялар паркінің негізін қалаушы Азис Абакиров құттықтау сөз сөйлеп, Орталық Азия елдерінің: Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанның технологиялар нарығын дамыту және IT-технологияларына бірлесіп шығу үшін күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтіп,кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығару қажет екенін мәлімдеді.

«Орталық Азияда IT-кәсіпкерлер мен стартаптар үшін тамаша жағдай жасалған; салықтық преференциялар ғана емес, бұл компаниялардың дамуына және өсуіне мүмкіндік береді», - деді Азис Абакиров.

Astana Hub атынан Технопарк қатысушыларын қолдау кеңсесінің директоры Анна Баталова мен Халықаралық қатынастар, инвестициялар және экспорт басқармасының директоры Азизбек Бакиев сөз сөйледі. Азизбек Бакиев Astana Hub-тың акселерация бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу және инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы айтты. Astana Hub делегациясы елдегі стартаптарды дамыту және халықаралық аренаға шығу үшін Орталық Азия елдерінің IT-қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын анықтады.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін