Quest Ventures Day бүкіл Азиядан алғашқы сатыдағы 30-дан астам стартаптардың портфелімен таныстырады.

Оған қоса, қор цифрлық экономика саласындағы өзінің соңғы инновацияларын ұсынатын болады.


Quest Ventures ірі интернет-қауымдастықтарда масштабталуға және көбеюге бағытталған компаниялар үшін жетекші венчурлық қор болып саналады.
Қор Emerging Southeast Asia, ScaleUp Malaysia және Kazakhstan Digital Accelerator сияқты үш бағытта қозғалады және осы іс-шарада инвесторлар қордың ең перспективалы стартаптарына алғашқылардың бірі болып қол жеткізе алады.

Quest Ventures Day — бүкіл Азия бойынша инвесторлар мен негіздеушілердің кездесе алатын алаңы.

Әр стартап 3 минуттан сөйлейді және шақырылған әділ қазылар алқасынан сұрақтар мен жауаптар үшін тағы 3 минут бөлінеді. Әр трек бір ғана стартапқа Quest Ventures Top pitch сыйлығын ұсынады.

Күні: 10 маусым (бейсенбі)
Уақыты: 14:00-ден 16:00-ге дейін
Өтетін орны: Zoom Конференциясы

Тіркелу үшін: Quest Ventures Day Tickets, Thu, Jun 10, 2021 at 4:00 PM | Eventbrite

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін