Кейстерді талдау: технопарк қатысушыларының консалтинг саласындағы қателіктері

Astana Hub мониторинг қызметі технопарк қатысушыларынан ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтің басым бағыттарының сақталуына мән беруді сұрайды. Қатысушылардың қызметін талдау нәтижесінде консалтингтік қызмет көрсету шартын жасасу кезінде белгіленген параметрлер шегінен шығу жағдайымен байланысты кемшіліктер анықталды.


Технопарк қатысушыларының қызметіне жүргізіліп жатқан мониторинг шеңберінде ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлері тізбесіне енбеген консалтингтік қызметтерден кіріс алуға қатысты міндеттемелерді бұзу жағдайлары анықталды. Талаптарды талдау мен жазуды, бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлауды және жобалауды қоса алғанда, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге дейінгі кезеңдерде келісім-шарттар жасасу технопарк қатысушысы шартын бұзу болып саналады.

Осы айда компаниялар графикалық редакторларды пайдалана отырып, архитектуралық жобалау бойынша келісім-шарттар жасаған жағдайлар анықталды. Қатысушылардың бірі 3ds Max, SketchUp, ArchiCAD және AutoCAD сияқты графикалық редакторларды пайдалана отырып, интерьер дизайны жобасын әзірлеуден табыс тапқан. Кейбір компаниялар өнімге қойылатын талаптарды талдау және дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау және жобалау, техникалық шарттарды және әртүрлі жол карталарын жасау сияқты бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге дейін қызметтерді көрсетуге келісім-шарттар жасаған. Бұл қызметтің барлығы АКТ басымдықтарына сәйкес емес және мұндай келісімдерді жасасуға жол берілмейді. Қатысушыларға бағдарламалық өнімді жоспарлау және жобалау кезеңдерін қамтуы мүмкін әзірлеу туралы келісімдер жасауға кеңес етіледі.

Тағы бір жағдай, қатысушы клиенттің өтініші бойынша маркетинг саласында кеңес беру қызметін көрсеткен, стратегия әзірлеп берген, қарастырылып отырған тауар нарығын талдап, баға берген, жарнамалық науқандарды жүргізген және т.б. Әрине, қатысушылардың АКТ-ға қатысы жоқ салаларда тәжірибесі мен құзіреттілігінің болуы қуантарлық жайт, бірақ тек басым қызметтен кіріс алу шарты бәріне бірдей міндетті саналады.

Astana Hub қатысушыларды бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге келісімдер жасау кезінде технопаркке қатысу шарттарын сақтауға, қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату және салық органдарының қажетсіз тексеруіне жол бермеу үшін  ереже бұзбауға шақырады.

Мониторинг қызметі IT-қауымдастықты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, технопаркке қатысу ережелерін сақтай отырып, табысқа жетуді тілейді!

Пікірлер 6

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

қызықты және пайдалы ақпарат!

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

👍👍

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру