Аймақтық IT-хабтары мен Digital Nomads қазақстандық оқушылар мен студенттер үшін мастер-класстар сериясын іске қосып жатыр.

Digital Nomads Astana Hub жанындағы аймақтық IT-хабтарымен бірігіп, жетекші IT-мамандарынан тегін онлайн мастер-класстар сериясын өткізеді.


Digital Nomads — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин негізін қалаған қазақстандық IT-компаниялар мамандарының бірлестігі. Оның құрамына 4000-нан астам қазақстандықтар мен әлем бойынша жетекші компанияларда жұмыс тәжірибесі мен Қазақстанның IT-саласын дамытуға талпынысы бар өнерлі мамандар кіреді.

Тегін онлайн мастер-класстарда Digital Nomads спикерлері жас тыңдаушыларымен өз тәжірибесімен және қолданған кейстермен бөліседі. Сіздерді воркшоптар, вебинарлар, Q&A сессиялары және т. б. күтеді.

12 сәуірде «IT туралы: тәртіп өнерден маңыздырақ па?» атты бірінші вебинар өтеді. Спикер болып Challenge.me и Discover app, IOS & Yandex Developer негізін қалаушысы, nFactorial, СДУ,  НИШ түлегі - Даулет Алмағамбет сөз сөйлейді.

Өткізілетін онлайн мастер-класстардың уақыты мен мерзімі, тақырыптары туралы толық ақпарат Astana Hub-тың әлеуметтік желілердегі парақшасында болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін