Өңірлік IТ-компаниялар Astana Hub-қа қонаққа келді

Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының IТ-компаниялары мен қауымдастықтарының өкілдері Astana Hub қызметімен танысты.


Бүгін Astana Hub кезекті рет қонақтарды қабылдады. Технопаркке "Жаңа шынайы жағдайда орнықты ұйымдарды құруға арналған стратегиялар" IDC CIO Summit республикалық форумының қатысушылары келді. Олардың арасында Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлері бар.

Astana Hub басқарушы директоры Аркадий Селезнев қонақтарға технопарктің Seed Money, Techorda, IT export, Community менеджерлері тұрақты және жаңа бағдарламалары, олар IT-индустрияның қандай мәселелерін шешетіндері туралы айтып берді.

Еліміздің 15 қаласында IT-қоғамдастықты дамытуға бағытталған өңірлік менеджерлер бағдарламасы қонақтар арасында ерекше қызығушылық тудырды. Қостанай облысының "КАС Консалтинг" бас директоры Ирина Сулименконың айтуынша, мұндай бастамаға қажеттілік бұрыннан болған, өйткені өңірлердегі стартаптар мен IT-компаниялар технопарк өткізетін трендтер мен маңызды іс-шаралар туралы жеткілікті хабардар етілмейді.

Сондай-ақ, қонақтарға технопарк резиденттерінің алатын мүмкіндіктері мен артықшылықтары егжей-тегжейлі таныстырылды (толығырақ).

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін