Жобаларды мұқият іріктеу мен диагностика нәтижесінде әр елден бес стартап бағдарламаға шақырылды. Қазақстаннан қатысқан жобалар: FinFlow – шағын және орта бизнеске арналған ЖИ негіздегі қаржылық ассистент, eXpace – смарт-паркинг платформасы, ioka – Қазақстандағы және одан тыс елдердегі бизнеске төлемдерді қабылдауға арналған қауіпсіз әрі қолайлы онлайн-төлем платформасы, AskAlem – ЖИ агенттері арасындағы жедел әрі қауіпсіз төлемдер жүйесі және Qulla AI – ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен РЭК-ке арналған шешімдер. Өзбекстанды таныстырған жобалар қатарында: Fleetroot – логистиканы оңтайландыруға арналған алғашқы бірыңғай SaaS-платформа, BRB-Tech – Ташкенттен шыққан кешенді IT-шешімдер ұсынатын компания, GEOMOTIVE – DOOH-жарнамаға арналған заманауи маркетплейс, Gluon – банктерге арналған «white-label» цифрлық шешімдер маркетплейсі және LaCafe – мейрамханаларда қызмет көрсетуді жеңілдететін инновациялық SaaS-платформа.
«Орталық Азия стартаптары жыл сайын қарқынын арттырып, технологиялық тұрғыдан жетіліп келеді. Бағдарламаға 132 өтінім түсті: оның 56-сы Қазақстаннан, 52-сі Өзбекстаннан болды. Бұл өңірде мықты технологиялық командалардың тұрақты қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. GCC нарығында инновацияға сұраныс жоғары, ал біздің стартаптар ол нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдермен және жаһандық өсімге деген амбициямен келіп отыр. Олардың осы қарқынды дамып жатқан экожүйеде лайықты орын алатынына сенеміз», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
8 апталық бағдарлама барысында командалар өнімдерін жетілдіріп, гипотезаларын тестілеп, шешімдерін жергілікті нарық талабына бейімдеді, сондай-ақ DIFC Innovation Hub сарапшыларымен, корпоративтік серіктестермен және аймақ инвесторларымен жұмыс істеді.
«Бұл бағдарлама Орталық Азия стартаптарының жаһандық деңгейде бәсекелесе алатынын көрсетті. Demo Day – бұл соңы емес, керісінше, командалар үшін жаңа кезеңнің бастауы. Біз олар үшін БАӘ-де және жалпы өңірде жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастырамыз», – деді White Hill Capital басқарушы серіктесі және бас директоры Аслан Сұлтанов.
Іс-шараға Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі өкілдері, өңірлік венчурлық қорлар мен корпоративтік инновациялық орталықтар келді. Командалар өздерінің өсу стратегияларын, мақсаттарын және Дубайда орнығу жоспарларын таныстырды. Бұл жоспарларға компанияны тіркеу, команданы кеңейту және серіктестік орнату сияқты қадамдар кіреді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін стартаптар БАӘ нарығының инфрақұрылымына кірігу үшін пост-акселерациялық қолдауды әрі қарай да ала береді.
Анықтама:
Scale Up Program – Орталық Азия стартаптарын Таяу Шығыс нарықтарына шығарып, оларды ауқымдандыруға бағытталған Central Asian Innovation Hubs брендінің бастамасы. Бағдарламаның БАӘ-дегі операторы – Tumar Innovation Hub.