Seed Money: қандай стартаптар ₸20 миллионға дейін қаржы ала алады

Astana Hub халықаралық технопаркі Seed Money 4.1 стартаптарды қаржыландыру бағдарламасын іске қосты.


Қатысуға өтініштер мына сілтеме арқылы 5 наурызға дейін қабылданады.

Биыл AI, Game dev, Blockchain, Defence Tech, Space tech, Hardware және Smart city бағыттарындағы жобаларға басымдық беріледі. Іріктеуден өткен стартап ₸20 миллионға дейін қаржыға қол жеткізе алады.

«Бұған дейін Seed Money-ге қатысқан стартаптардың 67 пайызының табысы артып, қарқынды дами түсті. Мысалы, бағдарлама түлектері арасында UvU, beyne.ai, Parqour және т.б. компаниялар бар. Қаржыландыру Astana Hub-тың жеке қаражаты есебінен Revenue Share моделі арқылы жүзеге асырылады, яғни 5 жыл ішінде барлық қаражат жұмсалғаннан кейін 1% төлем жасалуы тиіс», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Қаржыландырумен қатар Seed Money қатысушыларына коворкинг кеңістігінде жұмыс орны және Astana Hub инфрақұрылымына қолжетімділік (басқа өңірлерден келген стартаптары үшін), сарапшылық кеңестер мен сала мамандарының кері байланысы, B2B/B2G кездесулеріне ат салысу, инвесторлармен және бизнес-періштелермен нетворкинг ұсынылады.

Бағдарламаға қатысу үшін стартап мынадай даму кезеңінің біріне сай болуы шарт: MVP – минималды, бірақ бірінші тұтынушыларды қанағаттандыруға жеткілікті функциялары бар; PMF - нақты нарықтың қажеттілігін қанағаттандыратын және тұтынушылар үшін құндылығы бар; SCALE – жаңа нарыққа шығу үшін тұтынушылар сегменттерін және/немесе басқа әрекеттерді кеңейту арқылы сату көлемін кеңейту кезеңі.

«Бағдарламаға қатысу үшін жоба жетекшісін қосқанда, кемінде үш негізгі қатысушыдан тұратын команда болуы керек. Жоба жетекшісі максималды тиімділікті және процестерді бақылауды қамтамасыз ету үшін басқа жобалармен айналыспауы тиіс. Сондай-ақ қаржыландыруға өтінім беру және серіктестермен, клиенттермен, инвесторлармен жұмыс істеу үшін заңды негізді қамтамасыз ету қажет болғандықтан, үміткердің заңды тұлғасы болуы керек. Бұл талаптардың барлығы жобаның тұрақты және табысты болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ұзақ мерзімді дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған», - деді Astana Hub қаржыландыру бағдарламалары офисінің директоры Анарбек Өтеғұлов.

2021 жылы іске қосылған Seed Money бағдарламасы аясында дамудың әртүрлі кезеңіндегі 45 жоба 24 миллион теңгеге дейінгі сомаға қаржыландырылды. Қазіргі уақытта Seed Money 3.0 нәтижелері бойынша іріктеліп алынған 11 стартап Astana Hub-тың қаржыландыру келісімі аясында жобаларын жүзеге асыруға кірісті.

Seed Money бағдарламасы бойынша қосымша кеңестерді платформа немесе 2222 қысқа нөмірі бойынша Astana Hub қолдау қызметіне хабарласу арқылы алуға болады.

Пікірлер 7

Кіру пікір қалдыру үшін

служба поддержки Astana Hub по короткому номеру 2222 не работает. Моя заявка от 28 февраля до сих пор на модерации(((

Жауап беру

Керемет

Жауап беру

Мотивирует

Жауап беру

хорошая возможность

Жауап беру