Бағдарламаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия елдерінің командалары қатыса алады. Өтінімдер 30 сәуірге дейін astanahub.com платформасында қабылданады.
Қазақстан – Орталық Азияда Google for Startups-пен бірге осындай акселерациялық бағдарламаны іске асырып отырған алғашқы әрі жалғыз ел. Биыл бағдарлама алғаш рет Алматыда, Almaty Hub базасында өтеді. Бұл Алматының елдегі маңызды іскерлік орталықтардың бірі екенін, сондай-ақ IT қауымдастығының қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.
Silkway Accelerator соңғы жылдары аймақтағы стартаптарды дамытуда маңызды құралға айналды. Төрт жыл ішінде бағдарламаға 1470 өтінім түсіп, соның 73 стартапы ғана іріктеуден өтіп, акселерациядан толық өткен. Бағдарлама түлектері жалпы $48 млн-нан астам инвестиция тартып, олардың жиынтық бағасы $500 млн-нан асқан. Олар БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа елдердің нарығына шыққан. Түлектер арасында zypl.ai, Arlan Biotech, NB Fit, UvU, ApartX, Biometric Vision, TrustMe, Mirai Tech, Grand Mobile, Alaqan сияқты жобалар бар.
«Silkway Accelerator бізге негізгі мақсаттарға назар аударуды, қай нарықтарға шығу керегін дұрыс таңдауды және басқа елдердің нарығын тереңірек талдауды үйретті. Осы тәжірибенің нәтижесінде Biometric.Vision өз дамуын жеделдетіп, командасын күшейтіп, өнім стратегиясын нақтылай алды. Silkway Accelerator – шынымен де мықты халықаралық қауымдастық, және қазақстандық стартаптардың оның бір бөлігі бола алатыны қуантады. Қазір біз Қазақстан нарығында нық орнығып, Қырғызстан мен Малайзияда жұмыс істеп жатырмыз, сондай-ақ Мексика, Әзербайжан, Сингапур және БАӘ елдерінде пилоттық жобалар жүргізіп жатырмыз. Бұл тек бастамасы ғана. Silkway Accelerator осы үдерісті қатты жеделдетіп, біздің өсуіміздің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Менің ойымша, бұл біз қатысқан ең пайдалы акселераторлардың бірі», – деді бағдарлама түлегі, Biometric.Vision компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Әлібек Наримбай.
Бағдарлама 12 аптаға шақталған және дайын өнімі бар, оны әрі қарай дамытып, жаңа нарықтарға шығуды көздейтін командаларға арналған.
Қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі: басқа қаладан немесе елден келген командаларға Алматыда тегін тұру мүмкіндігі мен кеңсе беріледі, Google Cloud ресурстарына $100000 дейін қолжетімділік ұсынылады, Google Workspace сервистері беріледі, сондай-ақ әр командаға жеке даму менеджері бекітіледі. Бағдарлама барысында қатысушылар тәжірибелі мамандармен жұмыс істеп, өнімдерін жақсартып, өсімін жеделдетеді.
«Қазақстан – аймақта стартап экожүйесі бірнеше жылдан бері жүйелі түрде дамып келе жатқан сирек нарықтардың бірі: инфрақұрылым қалыптасқан, акселерациялық бағдарламалар бар, қаржыландыруға және халықаралық бастамаларға қолжетімділік бар. Қазіргі негізгі мәселе – жаңа құралдар жасауда емес, стартаптардың сапасын арттыруда және олардың масштабтала алу қабілетінде. Біздің тәжірибеміз бойынша, басты тапшылық – идеяда да, ресурста да емес, нарыққа шығып, ауқымды бизнес модель құра білу қабілетінде. Silkway Accelerator дәл осы кезеңмен жұмыс істейді. Стартаптың өнімі бар, алайда ендігі көзделген басты мақсат даму», – деді Silkway Accelerator бағдарламасы жетекшілерінің бірі Евгений Фролов.
Бағдарлама соңында Demo Day өтеді. Онда қатысушылар өз жобаларын инвесторларға, венчурлік қорларға және серіктестерге таныстырады. Ең үздік стартаптар Astana Hub Ventures шорт-листіне еніп, инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады.
Толығырақ бағдарлама туралы ақпарат және өтінім беру Silkway Accelerator 2026 сілтемесі арқылы қолжетімді.
Ақпарат үшін.
Google for Startups – 2011 жылы Google компаниясы іске қосқан халықаралық бағдарлама. Ол 125 елде 50-ден астам коворкинг пен акселераторды біріктіреді және стартаптарды дамытуға арналған құралдар ұсынады.
Astana Hub – Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық инновациялық кластер. Мұнда 2000-нан астам IT-компания тіркелген, оның ішінде шамамен 500-і шетелдік.
Almaty Hub – Алматы қаласындағы Astana Hub филиалы. Ол IT қауымдастықты дамытуға, стартаптарды қолдауға және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ Astana Hub экожүйесінің бағдарламалары мен ресурстарына қолжетімділік береді.