Astana Hub мүшелері преференциялардың арқасында жылына қанша қаражаты үнемдейді?
Startup Genome мәліметтері бойынша, 10 стартаптың 9-ы алғашқы жылында сәтсіздікке ұшырайды. Осы 9 стартаптың қатарына қосылмау үшін үстеме шығындарды барынша азайту маңызды. Біз сізге Қазақстанда стартапты іске қосу және қолдау үшін ақшаны қалай үнемдеуге болатынын айтып береміз.
Мұнда негізгі шығындар:
- Салықтарды төлеу. Жыл сайын стартаптар табысынан салықтың шамамен 30% төлейді. Astana Hub-тың барлық мүшелері корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, жеке табыс салығын, роялти салығын, әлеуметтік салықты (резидент емес қызметкерлерді төлеуден босатуға мүмкіндік беретін) және т.б. төлеуден босатылады.
- Кеңсені жалға алу ақысы. Нұр-Сұлтандағы кеңсені жалдаудың орташа айлық ақысы шаршы метріне 20 долларды (жылына шамамен 2000 доллар) құрайды, ал технопарк жұмыс орнын тегін қамтамасыз етеді.
- Өнімді жылжыту (PR) қызметтері үшін төлем. Орташа есеппен стартаптар БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақылы жазбалар мен жарияланымдар үшін жылына $1200 төлейді. Технопаркте PR қызметтерін тегін пайдалану мүмкіндігі бар.
- Акселераторларға қатысу ақысы. Оқу бағдарламалары мен семинарларға қатысудың орташа құны $800-дан $10 000-ға дейін ауытқиды, технопарктегі барлық оқу курстары тегін.
- Сарапшылардың жеке консультациялары үшін төлем. Жеке кейстерді талдау мен сарапшылардың ұсынымдарының құны $50-дан $3000-ға дейін тұрады, технопаркте бұл қызметтер де тегін көрсетіледі.
Бұл ретте Қазақстан астанасында орналасқан Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі салықтық және визалық жеңілдіктерді, заманауи инфрақұрылымды, IT-қауымдастығы мен нетворкингке қол жеткізуді, PR қолдауды және тегін жұмыс кеңістігімен қамтамасыз етеді. Технопарктің ауданы 20 000 м2 құрайды.
Басқа елге көшкен кезде, стартаптар қызметтердің, салықтардың, визалардың жоғары бағасына, жаңа тілді үйрену қиындықтарына және тез бейімделу қажеттілігіне тап болады. Қазақстанның Еуропа елдерінен ерекшелігі – географиялық жақындығы, ділінің ұқсастығы, тілі (орыс тілі Қазақстанның ресми тілі болып табылады) және преференцияларды тегін алу мүмкіндігімен тартымды.
https://astanahub.com/l/welcome-page-all сілтемеге өтіп, Astana Hub-та IT-компанияны ашу туралы қосымша ақпаратты алыңыз.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін