Biny.co стартабы жүк тасымалдауды жеңілдетіп, Жібек жолын жандандырады

Қазақстандағы жүк тасымалдауға қатысты процесс онсыз да қиын еді, енді оған жүк ұрлау қосылды. Статистикаға сенсек, ел бойынша жүк тасымалдайтын көліктердің шамамен 15%-ы алаяқтардың құрбанына айналады. Нәтижесінде компаниялар миллиондаған шығынға ұшырайды. Бұл мәселенің себептері – логистикалық процестердің цифрланбауы және ашықтықтың болмауы. Biny.co стартабы бұл мәселелерді кәсіпке сапа кепілдігін, ал жүргізушіге жосықсыз делдалдардан аулақ болу мүмкіндігін беру арқылы шешеді.


Компанияның негізін қалаушы Әсет Хасенов «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасы аясында ER10 Media редакциясына Biny.co өз қызметі арқылы қалай елдегі логистиканы өзгертіп, Ұлы Жібек жолын жандандырып жатқанын айтып берді:

— Біздің жүйе – түрлі микросервистерден тұратын бір қолданба. Жаһандық түрде ол былай көрінеді:

  1. Тауар жіберетін пайдаланушыларға арналған жеке клиент қолданбасы.
  2. Біз арқылы жүк тасымалдағысы келетін және тапсырыстарды табатын көлік компаниялары үшін жеке клиент қолданбасы.
  3. Тапсырысты мобильді құрылғы арқылы табатын жүргізушілерге арналған қолданба.

Мұны компанияның ішінде әзірлеушілермен бірге коммуникациялық жүйе деп атаймыз. Өйткені жүргізуші қайда баруы керек екенін, қойманың қайда орналасқанын, жүктің салмағы мен құны қанша екенін көреді. Клиент өз кезегінде қай уақытта, қандай жүргізушінің келетінін, тасымалдау қанша тұратынын алдын ала біледі. Барлық дерек автоматты түрде жүктеледі: онлайн өтінім жасалады, сенімхат беріледі – бәрі автономды.

Жүргізуші белгіленген нүктеге жеткенде «тапсырысты аяқтау» түймесі іске қосылады: сонда ғана ол оны баса алады. Ал клиенттің өзі тауарды алғанын растауы керек. Осыдан кейін ғана біздің жүйе жүргізушіге жалақысын алуға мүмкіндік береді.

Осылай коммуникация жүйесін және ашық ережелері бар алаңды құрдық. Бізді ашық процестерге сенетін жүргізушілер және тұрақтылық пен адалдықты бағалайтын клиенттер жақсы көреді. Тіпті сақтандыру процесі бір жолға қойылған: полис автокөлік жүктелген кезде сақтандыру компаниясына автономды түрде жіберіледі. Мұның бәрі клиенттерге қауіпсіздік сезімін береді.

Қазақстандық стартаптар қозғалысы қалай дамып жатқанын «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасынан бақылаңыз. Бұл – Er10 Media редакциясы мен Astana Hub-тың бірлескен жобасы. Біз еліміздегі стартаптардың жетістігін айтып, ең қызық жобаларды көрсетеміз. Кейіпкерлер арасында Astana Hub мүшелері, басқа инновациялық және технологиялық өнімдер мен қызметтер бар. Барлық материал үш тілде – қазақ, орысағылшын тілдерінде жарияланады.

Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.

 

Пікірлер 10

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

Xiaomi watch

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

Интересный стартап. Пойду погуглю их. Интересны их метрики. Стартапу Biny.co удачи и хороших продаж!

Жауап беру

Супер!

Жауап беру

круто

Жауап беру

Хорошая статья ждем продолжения и ссылку на продукт. Удачи.

Жауап беру