Startup Garage: өтінім қабылдау ашық – идеяңызды tech-стартапқа айналдырыңыз
Astana Hub жолын енді бастаған стартаптарды қолдауға бағытталған Startup Garage инкубациялық бағдарламасының төртінші легіне өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама идея (MCI) немесе өнімді жасау (MVP) кезеңіндегі IT-жобаларға арналған. Өтінімді Қазақстан мен көршілес елдердің 18 жастан асқан стартап иелері бере алады.

Өтінімдер 2025 жылдың 1 наурызына дейін мына сілтеме арқылы қабылданады.
Қатысу үшін Startup Academy білім беру курсын аяқтағаны туралы сертификат, ЖСН мен ЭЦҚ кілті қажет. Үміткерлерді іріктеу екі кезеңнен тұрады: скрининг – жобаның бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру; диагностика – сарапшылардың сұхбат негізінде жобаны бағалауы.
Бағдарлама аясында стартаптар теорияны меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін іс жүзінде қолданады. Апта сайын инвесторлар мен IT-компания негізін қалаушылардың қатысуымен воркшоптар мен дәрістер ұйымдастырылады. Трекерлер қатысушыларға болжамдарды сынақтан өткізуге, стратегиялық шешімдерді енгізуге және жобаларды масштабтауға көмектеседі. Тұрақты трекшн-кездесулер, борд-митингтер мен мастермайнд-сессиялар қатысушыларға жетістікті талдауға, тәжірибе алмасуға және әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар үш ай бойы технологиялық бизнесті құру және дамыту бойынша негізгі тұжырымдарды зерттейді. Олар идеяларды валидациялап, Lean Startup, HADI мен SMART әдістемелері, нарықтық талдау, NoCode әзірлемесі, өнімді тиімді ұсыну, бизнесті тіркеу, қаржылық жоспарлау және инвесторлармен жұмыс істеу негіздерін меңгереді. Бағдарлама соңында қатысушылар tech-стартапты жүргізу негіздерін толық игеріп, дайын өнім немесе прототип жасап, сату стратегиясына қол жеткізеді. Сондай-ақ үздік жобаларға PR-қолдау көрсетіледі.
Бағдарламаның 2023–2024 жылдардағы легтерінде 493 стартап іріктеліп, олардың 182-сі оқуды сәтті аяқтады. Бағдарлама түлектерінің жалпы сату көрсеткіші 366 млн теңгеге жетті.
Startup Garage туралы қосымша ақпарат алып, өтінім беру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Пікірлер 7
Кіру пікір қалдыру үшін
Kuandyk Sadykov · Ақп. 20, 2025 23:45
super
АРМАН АМАНЖОЛОВ · Ақп. 20, 2025 16:40
Хороший шанс для стартаперов, которые готовы к активной работе над своим продуктом
Gepard Promo · Ақп. 20, 2025 15:37
Good opportunities for young minds
Kuandyk Sadykov · Ақп. 19, 2025 23:35
супер
Ilias Zholaman · Ақп. 19, 2025 12:43
👍👍
Ilias Zholaman · Ақп. 19, 2025 12:41
Классно!
Борис Стуков · Ақп. 19, 2025 12:14
вперед к звездам