Біз құрылыс саласында сегіз жыл еңбек етіп, кейін бағдарламалауды меңгеріп, IT-ге бет бұрған Tech Orda бағдарламасының түлегі Ырысалдымен сұхбаттастық. Бүгінде ол «dBridge» компаниясында жоба менеджері қызметін атқарып, құрылыс процестерін басқаруға арналған «ENKi» цифрлық операциялық платформасын дамытып жатыр. Сұхбат барысында Ырысалды бұрынғы тәжірибесінен неліктен бас тартпағанын, жаңа білім алу оған IT-де өз жолын табуға қалай көмектескенін айтып берді. Сондай-ақ, мамандығын өзгерткісі келетін жандар назар аударуы тиіс маңызды кеңестерімен бөлісті.
Ырысалды, өзіңіз туралы қысқаша айтып берсеңіз: Tech Orda бағдарламасына қатыспас бұрын немен айналыстыңыз?
— IT саласына ауыспас бұрын құрылыста сегіз жылдай еңбек еттім. Алғашқы еңбек жолымды үй құрылысы комбинатында техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы болып бастап, кейін сметашы-инженер және өндірістік-техникалық бөлімнің инженері қызметтерін атқардым. Осы уақыт ішінде өндірістік, жол, тұрғын үй және мемлекеттік маңызы бар нысандардың құрылысына атсалыстым. Келе-келе өндірістік-техникалық бөлімде басшылық қызметке дейін көтерілдім.
Қазіргі таңда «dBridge» IT-компаниясында жоба менеджерімін. Біздің команда құрылыс процестерін басқаруға арналған «ENKi» цифрлық операциялық платформасын әзірлеп, дамытып жатыр. Осылайша, бұрынғы кәсіби тәжірибем артта қалмай, керісінше, маған үлкен артықшылық берді: мен бұл саланың қыр-сырын, ішкі процестері мен қолданушылардың нақты қажеттіліктерін өте жақсы түсінемін.
Неліктен IT саласын таңдап, Tech Orda бағдарламасына өтінім беруге қалай шешім қабылдадыңыз?
— Бағытымды өзгерту туралы 2021 жылдан бері ойлана бастадым. Цифрлық өнімдердің қалай жасалатынын түсіну, кодты оқып, жаза білу, бағдарламалау логикасының қыр-сырын ұғыну маған қатты қызық болды. Оған қоса, қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі де өзіне тартты. Өйткені құрылыс саласында маман көбіне нақты бір нысанға немесе өндіріс орнына байлаулы болады ғой.
«alem» бағдарламалау мектебі туралы сол жақта оқып жүрген достарымнан естідім. Жалпы бұл саланы тереңірек тануыма айналамдағы адамдардың септігі көп тиді. Достарым нені оқу керектігін, іріктеуге қалай дайындалу қажеттігін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті және осы жолда маған үлкен қолдау көрсетті. Нәтижесінде іріктеуден сәтті өтіп, мектепке қабылдандым, ал кейін Tech Orda бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігіне ие болдым.
Ол кезде мамандығымды біржола ауыстырамын деген нақты жоспарым болмады. Бастапқыда тек бағымды сынап, IT саласының маған қаншалықты сай келетінін байқап көргім келді. Алайда оқу процесіне кіріскен соң, бастаған ісімді орта жолда қалдырмай, міндетті түрде аяғына дейін жеткізуге бекіндім.
Оқу процесі қалай өтті?
— Бастапқыда оңай болған жоқ, өйткені менде ешқандай техникалық база болмады деуге де болады. Оқу барысында өмірімде бірінші рет терминалмен және Linux-пен жұмыс істеп көрдім. Алгоритмдерді, бағдарламалау тілдерін, оның ішінде Golang-ты меңгере бастадым. Бұл мен үшін мүлдем бейтаныс, жап-жаңа әлем еді.
«alem» мектебіндегі оқу процесі «peer-to-peer» әдістемесіне негізделген: студенттер материалды өз бетінше меңгереді, жобаларды орындайды және бір-біріне көмектеседі. Мұнда мұғалім алдымен тақырыпты бастан-аяқ түсіндіріп шығатын бізге үйреншікті жүйе жоқ. Бірдеңе түсініксіз болса, ақпаратты өзің іздейсің, тапсырманы басқа студенттермен талқылайсың және шешімін өз бетіңше табуға дағдыланасың.
Бұл тәсілдің маған тигізген пайдасы зор болды. Өйткені түсінгеніңді басқа адамға айтып берген кезде, өз біліміңді де жақсырақ бекітесің әрі қай тақырыпты әлі де тереңірек оқу керектігін бірден байқайсың. Оған қоса, мұндай формат адамның коммуникациялық дағдыларын дамытып, сұрақ қоюдан қорықпауға үйретеді.
Негізгі іріктеуден өткен соң, апта сайын емтихан тапсырып, жобалар қорғайтын үш айлық қарқынды кезең басталды. Мен құрылыстағы жұмысымды үзбей, қатар алып жүргендіктен, толық оқу процесіне шамамен бір жылдай уақытым кетті.
Оқу барысындағы ең үлкен қиындық не болды?
— Оқу мен негізгі жұмысты қатар алып жүру оңайға соққан жоқ. Күндіз жұмыс барысындағы міндеттерді орындасам, кешке бар назарымды толығымен бағдарламалауға аударуға тура келді. Бұл өте мықты ерік-жігер мен қатаң тәртіпті қажет етті.
Емтихан күндері жұмыстан сұрануға, кейде тіпті өз есебімнен демалыс алуға мәжбүр болдым. Бұл ретте басшымның, отбасымның, әріптестерім мен достарымның қолдауы зор болды. Олар мұның мен үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, барынша жағдай жасауға, түсіністік танытуға тырысты.
Тағы бір қиындық — менде техникалық базаның болмауы. Бағдарламалаудан аздап хабары бар адамдар кейбір кезеңдерді жылдам игеріп кетеді. Ал маған барлығын ең басынан, нөлден бастап ұғынуға тура келді. Осы тәжірибеден түйгенім: мамандық ауыстырар кезде өз жүктемеңді алдын ала бағамдап, мүмкіндігінше оқуға жеткілікті уақыт пен көңіл бөлген жөн.
Tech Orda бағдарламасы техникалық білімнен бөлек сізге тағы не берді?
— Ең алдымен, мемлекеттің қолдауымен сапалы IT-білім алу мүмкіндігі дер едім. Өз қалтаңнан ақша төлеп оқу айтарлықтай қаражатты талап етуі мүмкін. Ал мұндай грант жаңа бағытта бағыңды сынап көруге және одан әрі дамуға қажетті мықты іргетас қалауға жол ашады.
Мықты орта мен нетворкингтің де маңызы зор. Оқу барысында жаныңда түрлі тәжірибеге ие, дайындық деңгейі әртүрлі адамдар жүреді. Студенттер бір-біріне көмектесіп, білгенімен бөліседі, бос жұмыс орындары туралы ақпарат айтып, оқуды бітіргеннен кейін де қолдауын үзбейді. Осы кезеңде тапқан достарым мен таныстарым кейін менің кәсіби тұрғыда өсуіме де үлкен септігін тигізді.
Сондай-ақ, оқу процесі қарым-қатынас орнату дағдыларымды шыңдап, өзіме деген сенімділікті арттырды. Мен біреуден көмек сұраудан мүлдем ұялмайтын болдым. Егер бір адам жауап бере алмаса, нақты жауабын таппағанша екіншісіне баратынмын. IT саласында дұрыс сұрақ қоя білу, ортақ тіл табысу және командамен бірлесіп жұмыс істеу қабілеті техникалық дағдылардан бірде-бір кем емес.
IT саласында нақты қай бағытты таңдайтыныңызды бірден түсіндіңіз бе?
— Жоқ, және мұны қалыпты құбылыс деп санаймын. Оқуды аяқтаған соң кодты оқып, жаза алатын дәрежеге жеттім, бағдарлама жасаудың базалық қағидаттарын түсіндім. Дегенмен, уақыт өте келе менің ең мықты тұстарым аналитика, басқару және коммуникацияның тоғысқан тұсында екенін байқадым.
Бұған дейін де процестерді реттеп, құжаттармен және жобаға қатысатын түрлі мамандармен жұмыс істеу тәжірибем бар еді. Сондықтан маған бизнес-аналитика мен жоба менеджменті әлдеқайда жақын болды. Бұл бағыттарда бизнестің талап-тілектерін түсініп қана қоймай, әзірлеушілермен де ортақ тіл табыса білу талап етіледі.
Өзіңіздің мықты тұстарыңызды шынайы бағалай білу өте маңызды: сізге шын мәнінде не қызық, қолыңыздан не нәрсе жақсы келеді және қай қызметте көбірек пайда әкеле аласыз? Әлсіз дағдыларды дамытып, жетілдіруге болады. Бірақ жаңа салада өз орныңызды тезірек табуға көбіне дәл сол мықты қасиеттеріңіз тірек болады.
Оқуды аяқтаған соң, IT саласына қалай ауыстыңыз?
— Жаңа салаға ауысқан кезде қызметімнің де, табысымның да бұрынғыдан төмен болатынын, бәрін дерлік басынан бастауға тура келетінін түсіндім. Мойнымда қаржылық міндеттемелерім болғандықтан, мұндай тәуекелге бірден бара алмадым. Сондықтан басты мақсатым әуелі оқуды толық аяқтап, әрі қарай не істейтінімді содан кейін барып шешу болды.
Оқуды тәмамдаған соң мынадай ойға келдім: алған білімімді дәл қазір іс жүзінде қолданып көрмесем, кейін бұл қадамға бару тіпті қиынға соғады. Сөйтіп, құрылыс саласынан кетіп, «Axiom Capital» компаниялар тобына қарасты «DIGITIZE» ЖШС-не жобалар үйлестірушісі болып жұмысқа орналастым. Бұл қызметте мен тапсырыс беруші мен әзірлеушілер командасы арасындағы байланысты, жұмыс процесін реттедім. Осы ретте менің адамдармен тіл табысу, құжаттармен жұмыс істеу және процестерді үйлестіру дағдыларым қатты кәдеге жарады.
«DIGITIZE» компаниясында екі жылдай еңбек еттім. Осы уақыт аралығында жоба менеджерлерінің, аналитиктер мен әзірлеушілердің жұмысымен танысып, IT-процестердің ішкі жүйесін көрдім. Алайда уақыт өте келе цифрлық өнімді жасау процесіне тереңірек араласқым келетінін түсініп, жаңа қызмет іздеуге кірістім.
Мансап жолында келесі сатыға өтуіңізге не септігін тигізді?
Түйіндемемді жаңартып, оны бизнес-аналитик және жоба менеджері қызметтеріне сай етіп бейімдедім. Онымен қоса, IT саласында тәжірибесі бар, менің жүріп өткен жолыма сырттай баға беріп, әрі қарай қалай жылжу керектігіне бағыт-бағдар беретін маман іздедім. Осылайша өзіме тәлімгер (ментор) таптым.
Бұдан бөлек, таныстарыма жаңа мүмкіндіктер қарастырып жүргенімді айтып, лайықты бос жұмыс орны шығып жатса, түйіндемемді ұсынуларын өтіндім. Ақыры, нетворкингтің арқасында «dBridge» компаниясына шықтым.
Құрылыста жинаған тәжірибем мен IT саласындағы жаңа білімімді ұштастыру қандай керемет болар еді деп бұрыннан ойлап жүретінмін. Бір сәтте бәрі дәл осылай сәтімен шешілді: мен «dBridge» ЖШС-не бизнес-аналитик болып жұмысқа кіріп, ENKi платформасында жұмыс істей бастадым. Ал екі айдан соң маған осы жоба аясында жоба менеджері позициясына ауысу туралы ұсыныс түсті.
Өнім туралы және қазіргі міндеттеріңіз жайлы толығырақ айтып берсеңіз
— ENKi платформасы құрылыс компанияларына жобаларды қашықтан бақылап, операциялық процестерді басқаруға мүмкіндік береді. Құрылыстағы тәжірибемнің арқасында мен нысандардағы мамандардың қандай қиындықтарға тап болатынын, құжат айналымы қалай жүретінін және олардың жұмысын қандай шешімдер шынымен жеңілдете алатынын жақсы түсінемін.
Қазір мен өнімнің жаңа функцияларын пысықтауға атсалысып жатырмын: міндеттерді талдаймын, PRD — өнімге қойылатын талаптар құжатын дайындаймын, шешімдерді әзірлеушілер командасымен талқылаймын, олардың іске асуын тексеріп, функционалды тестілеймін. Бұдан бөлек, құжаттама бөлігін, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара байланысты және басқа да сабақтас процестерді үйлестіремін.
Стартапта жұмыс істеу тек бір ғана тар шеңбердегі міндетпен шектеліп қалмауға мүмкіндік береді. Мұнда бір мезгілде бизнес-аналитикаға, өнімді басқаруға, тестілеуге және тапсырыс берушілермен қарым-қатынас орнатуға тереңірек бойлауға болады. Бұл жобамен қатар өзіңнің де кәсіби тұрғыда тез өсуіңе жол ашады.
Оқу кезінде алған біліміңіз қазіргі жұмысыңызда қаншалықты кәдеге жарады?
— Бұл білім маған мықты техникалық іргетас қалап берді. Онсыз әзірлеушілермен жұмыс істеу әлдеқайда қиынға соғар еді. Жоба менеджеріне немесе бизнес-аналитикке күн сайын код жазу міндетті емес, бірақ жүйенің қалай жұмыс істейтінін, оның құрамдас бөліктерінің өзара қалай байланысқанын, нені іске асыруға болатынын және талаптарды қалай дұрыс сипаттау керектігін түсіну өте маңызды.
Әзірлеу логикасын түсініп, командамен бір тілде сөйлескенде, бизнестің сұраныстарын нақты тапсырмаларға айналдыру, шешімдерді бағалау және өнімді тұтастай көре білу әлдеқайда оңай. Бұл тұрғыда бағдарламалауды оқу мен үшін аналитика мен басқару бағытында одан әрі дамуыма берік негіз болды.
IT саласына ауысқаннан кейін өміріңізде не өзгерді?
— Тек жұмыстағы міндеттер ғана емес, кәсіби ортам да өзгерді. Мен үнемі ізденетін, жаңа құралдарды тез меңгеретін және білгенімен ашық бөлісетін адамдардың ортасына түстім. Бұл маған қатты мотивация береді.
Маған әсіресе идеяның біртіндеп жұмыс істеп тұрған нақты өнімге айналғанын бақылау қатты ұнайды. Құрылыста алдымен сызба пайда болады, содан кейін сол бойынша нақты нысан бой көтереді. IT-де де сезім дәл сондай: сен талаптарды тұжырымдайсың, команда оны жүзеге асырады, содан кейін бәрің бірге оны тестілеп, жетілдіресіңдер. Мен үшін мұның орны ерекше — еңбегіңнің нақты нәтижесін көре аласың.
Tech Orda-ға өтінім бергелі жүргендерге қандай кеңес берер едіңіз?
— Бірінші кезекте, мақсатты айқындап алу қажет: бұл оқу сізге не үшін керек және қандай нәтижеге қол жеткізгіңіз келеді? Онсыз мотивацияны сақтап, соңына дейін жету өте қиын болады.
Екінші қадам — өзіңіздің қызығушылығыңыз бен мықты тұстарыңызға сәйкес келетін бағытты таңдау. Қандай қызметте (рольде) дамығыңыз келетінін неғұрлым ерте түсінсеңіз, оқу процесін жүйелеу және жұмысқа орналасуға дайындалу соғұрлым жеңіл болады.
Үшінші қадам — мектепті мұқият таңдау. Біздің Astana Hub платформасында оқу бағдарламаларымен, форматтарымен және мектептердің рейтингімен танысуға болады. Сондай-ақ, түлектерді тауып, олардың тәжірибесін сұрауға, пікірлерін оқуға және шарттар мен талаптарды нақтылау үшін мектептің өзімен тікелей байланысуға кеңес берер едім.
Ең бастысы — бірден, лезде нәтиже күтпеу. Әркімнің өз қарқыны бар: біреу жұмысты тез табады, ал біреуге көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Тәртіпті сақтау, үнемі практика жасау, кәсіби байланыстарды дамыту және күн сайын кішкентай болса да бір қадам жасау маңызды. Уақыт өте келе дәл осы тұрақтылық нәтиже береді.
Оқу бағыттарымен танысу, IT-мектепті таңдау және Tech Orda бағдарламасына қатысуға өтінім беру 2026 жылдың 21 қыркүйегіне дейін біздің Astana Hub сайтында жүзеге асырылады.