Өтінімдер 2026 жылғы 27 мамырға дейін astanahub.com платформасында қабылданады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен іске асырылып отыр. Оның аясында бір студенттің оқу ақысына 500 мың теңгеге дейін толық немесе ішінара қаржылай қолдау көрсетіледі.
Tech Orda бағдарламасының мақсаты – қазақстандықтардың сапалы IT білімге қолжетімділігін кеңейту және жекеменшік білім беру бастамаларын қолдау. Бағдарлама арқылы студенттер сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды тегін меңгеруге мүмкіндік алады. Ал IT мектептері өздерінің білім беру бағдарламаларын кеңейтіп, еңбек нарығына қажет мамандар даярлай алады.
IT мектептерін іріктеу мен ваучерлерді бөлу үдерісі үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде тәуелсіз комиссия жекеменшік IT мектептері мен оқу бағдарламаларына аккредиттеу жүргізеді. Одан кейін арнайы алгоритм арқылы әр курсқа бөлінетін ваучер саны анықталады. Бұл кезде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші, өңірлік мектептерге берілетін артықшылықтар және жасанды интеллект, product management, Agile сияқты басым бағыттарға сәйкестігі ескеріледі. Соңғы кезеңде мектептер студенттерді іріктеп, оқу ваучерлерін бөледі. Оқуға ниетті азаматтар үшін өтінім қабылдау мерзімі кейінірек жарияланады.

Бағдарламаға қатысу үшін IT мектептері мен IT компаниялары белгіленген талаптарға сай болуы керек. Атап айтқанда, ұйымның IT саласындағы қызметі, тұрақтылығы және қажетті білім беру инфрақұрылымының болуы ескеріледі. Сонымен қатар басым IT бағыттарына сәйкес келетін оқу бағдарламалары дайын болуы және қаржылық не заңдық шектеулер болмауы қажет.
Tech Orda аясында оқу бағдарламаларының сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Курстар еңбек нарығында сұраныс жоғары IT бағыттарына негізделіп, тәжірибелік дайындықты, оқу нәтижесін бағалау жүйесін және түлектер меңгеруі тиіс нақты дағдыларды қамтуы қажет. Оқу онлайн, офлайн немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл ретте студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу барысындағы белсенділігі бақылауда болады.
2025 жылы бағдарлама аясында 80 IT мектебі аккредиттеуден өтіп, 160 оқу курсын ұсынған. Олардың қатарында веб-әзірлеу, 3D дизайн, AR/VR әзірлеу, киберқауіпсіздік, Big Data, заттар интернеті (IoT), мобильді қосымшалар жасау, операциялық жүйелер әзірлеу және GameDev бағыттары бар. Әсіресе жасанды интеллект, Agile және product management бағыттарына басымдық берілді.
Бағдарламаға қызығушылық жыл сайын артып келеді. Тек өткен жылдың өзінде қазақстандықтардан 34 мыңнан астам өтінім түскен. Оның ішінде мектептердің 36 пайыздан астамы және студенттердің 30 пайызы өңірлерден қатысқан. Бұл бағдарламаның ірі қалалардан тыс жерлердегі IT білімнің дамуына да ықпал етіп отырғанын көрсетеді.
Бағдарлама түлектерінің нәтижелері де жоғары. Қазіргі уақытта Tech Orda түлектерінің 90 пайызы жұмысқа орналасқан. Олардың орташа айлық жалақысы 612 мың теңгені құрайды. Түлектер Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst & Young, Тенгизшевройл, КазМунайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana және Kolesa Group секілді ірі компанияларда еңбек етіп жүр.
Tech Orda – Astana Hub жүзеге асырып отырған маңызды білім беру бастамаларының бірі. Бағдарлама Қазақстандағы заманауи IT экожүйені дамытуға және цифрлық экономикаға қажетті мамандар даярлауға елеулі үлес қосып келеді.
Бағдарлама туралы толық ақпарат пен өтінім беру тәртібі https://astanahub.com/ru/l/techorda2026 сілтемесі көрсетілген.