Astana Hub қатысушысы — қазақстандық NCSpeech стартапы inDrive компаниясымен бірлесіп әзірлеген дауыстық модельдерін таныстырды. Команданың мәліметінше, қазақ тілін тану барысында бұл модель ірі әлемдік технологиялық компаниялардың шешімдеріне қарағанда екі есе аз қате жібереді. Сондай-ақ аталмыш жаңа өнім Қазақстандағы күнделікті қарым-қатынас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақша-орысша аралас тілді де түсінеді.
Бұл әзірлемеге inDrive пайдаланушылары сыйақы үшін жаздырып алған жүздеген сағаттық шынайы тілдік деректер негіз болды. Мәліметтер жинағына қазақ және орыс тілдеріндегі жазбалар, сондай-ақ бір тілден екінші тілге ауысып сөйлесулер енді. Бұл командаға адамның бір тілде бастап, сөйлемін екінші тілде аяқтайтын табиғи сөйлеу мәнерін ескеруге мүмкіндік берді.
«Қазақстанда адамдар қазақшадан орысшаға және керісінше еркін ауысып сөйлейді, тіпті кейде бәрін бір сөйлемнің ішінде алмастыра береді. Біз осындай шынайы тілді түсінетін технология жасағымыз келді. inDrive-пен ынтымақтастық жүздеген мың сағаттық жазба жинап, модельдердің сапасын жақсартуға көмектесті. Біз үшін адамның жүйе мүмкіндіктеріне бейімделмей, өзіне ыңғайлы тілде дауыстық сервистерді еркін қолдана алуы маңызды», — деп атап өтті NCSpeech директоры Церен Анджукаев.
Аралас тілді тану әлі де көптеген дауыстық жүйелер үшін күрделі міндет болып қала береді. NCSpeech әзірлемесі мұндай технологияларды Қазақстанда қолдану аясын кеңейте түседі: бұған колл-орталықтар, субтитр жасау сервистері, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған қосымшалар және пайдаланушыны дәл түсіну маңызды болатын басқа да өнімдер кіреді.
Дауыстық модельдер қазірдің өзінде NCSpeech Studio платформасында қолжетімді. Осы платформаның көмегімен кездесу, сұхбат немесе дәріс жазбасын мәтінге айналдыруға, мәтінді қазақ немесе орыс тілінде дыбыстауға, қысқаша жазба негізінде жеке дауысты жасауға, сондай-ақ бұл технологияны өз өніміңізге қосуға болады.
NCSpeech командасы технологиялық экосистема тарапынан лайықты бағасын алып үлгерді: 2026 жылы стартап alem.ai battle жеңімпазы атанып, ал халықаралық AI & Digital Bridge 2026 форумында Astana Hub Battle байқауының «Market Shaper» номинациясымен марапатталды.
NCSpeech тәжірибесі Astana Hub қатысушыларының жергілікті нарық міндеттерін шеше отырып, бәсекеге қабілетті ЖИ өнімдерін қалай жасайтынын көрсетіп отыр. Стартаптың inDrive-пен ынтымақтастығы әлі де жалғасуда: қосымшаның кез келген пайдаланушысы сөйлеу деректерін жинау жұмысына қосыла алады.
Платформа мүмкіндіктерін NCSpeech Studio арқылы сынап көруге болады.