«Tomorrow school» Қазақстан мен Орталық Азияда жасанды интеллектке үйретеді

4 қарашада Парижде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің 13-отырысы өтті. Бұл іс-шараға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған ҚР Цифрлық даму министрлігінің делегациясы қатысты.


Кеңес Қазақстан мен Франция компаниялары арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға ықпал етеді. Бұл екі елдің бизнестеріне жаңа серіктестер табуға, сауда және экономикалық қатынастарды кеңейтуге, сондай-ақ іскерлік қауымдастық өкілдері арасындағы сенімді арттыруға көмектеседі.

Іс-шарада Жаслан Мәдиев сөз сөйлеп, цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктерді атап өтті, соның ішінде инновациялық экожүйелерді, Govtech және стартап жобаларын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектті барлық салаға енгізу туралы айтты.



Қазақстанда 20 миллион адам тұрады, олардың орташа жасы – 32 жас, бұл инновацияларға дайын, серпінді халықты білдіреді. Біздің ел жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында және Орталық Азияның жалпы ЖІӨ-нің шамамен 60%-ын құрайды.

«Бұл көрсеткішті 200 000-нан астам маманды қамтитын және жыл сайын 40 000-ға жуық IT-түлек дайындайтын дамып келе жатқан IT-секторымыз қамтамасыз етеді. Қазақстан сондай-ақ әлемдегі ең көне және ірі ғарыш айлағының отаны болып табылады, бұл технологиялық прогреске деген ұмтылысымызды айқындайды. Осындай мықты негіздің арқасында біз цифрлық дәуірдің сынақтары мен мүмкіндіктеріне дайынбыз», – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстан стартаптарды қолдау үшін жан-жақты және инновациялық инфрақұрылым құрды. Бұл экожүйенің орталығында Орталық Азияның жетекші технопаркі – Astana Hub орналасқан. Бүгінде Astana Hub құрамында 1500-ден астам компания-резидент бар, оның ішінде 400-ден астам халықаралық компания жұмыс істеуде, бұл біздің жаһандық инновацияларға ашық саясатымызды көрсетеді. Соңғы бес жылда Astana Hub қатысушылары шамамен 555 миллион доллар инвестиция тартып, 1,9 миллиард доллар табыс тапты, бұл біздің экожүйеміздің жоғары әлеуетін айқындайды. Біздің жыл сайынғы IT-экспорт көлемі қазір шамамен 500 миллион доллардан асты, бұл біздің технологиялық секторымыздың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Іс-шара аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен NSDS Digital Investments арасында Қазақстанда және Орталық Азияда цифрлық және жасанды интеллект білімін дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен NSDS Digital Investments-тің тең құрылтайшысы Николя Садирак қол қойды.

Astana Hub басты серіктес рөлін атқаратын бұл ынтымақтастық 01Edu платформасы негізінде инновациялық бағдарламалау мектептері желісі – Tomorrow School-ды дамытуға, жасанды интеллект бойынша инновациялық оқу бағдарламасын құруға, қазақстандық таланттарды халықаралық аренада ілгерілетуге, сондай-ақ екі тараптың әртүрлі іс-шараларға қатысуына және білім алмасуға бағытталған.

Tomorrow School – Astana Hub ұсынған Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі, ол 01Edu платформасында эксклюзивті түрде жұмыс істейді. Tomorrow School бағдарламалау бойынша бастапқы дайындықты талап етпей-ақ, AI саласында тегін білім алуға ерекше мүмкіндік береді.

Бұл жоба Ұлттық жасанды интеллект орталығын құрудың бір бөлігі болып табылады.

«Alem.AI ұлттық ЖИ орталығы инновациялардың катализаторы болады, жылына 100-ге дейін стартапты іске қосуға қабілетті және Қазақстанды жасанды интеллектті дамыту мен қолдану саласындағы көшбасшы ретінде қолдайды», – деп түйіндеді Цифрлық даму министрі.

Дереккөз: ҚР ЦДИАӨМ 

Пікірлер 8

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

ПРЕИМУЩЕСТВА ДЛЯ НОВЫХ ЧЛЕНОВ, ПРИСОЕДИНЯЮЩИХСЯ К ИЛЛЮМИНАТАМ. Это мое заявление о том, как я наконец присоединился к новому мировому порядку, Иллюминатам, после того, как пытался присоединиться более двух лет, но мошенники несколько раз забирали у меня деньги. Я так долго пытался присоединиться к Иллюминатам, но мошенники продолжали воровать у меня деньги, пока в начале этого года я не встретил Лорда Майка Фишера в сети, связался с ним и все ему объяснил, и он порекомендовал мне использованную регистрацию, и я заплатил за нее. Большой член облегчил мне начало, и я был посвящен в мировой порядок. По завершении моего посвящения я получу сумму в 2 000 000 долларов. Я очень счастлив! И обещаю распространять добрые дела Лорда Майка Фишера. Если вы заинтересованы в присоединении к Иллюминатам Нового мирового порядка сегодня, свяжитесь с Лордом Майком Фишером сегодня. Он ваш лучший шанс стать членом Иллюминатов, о котором вы всегда мечтали. Свяжитесь с лордом Майком Фишером по электронной почте: adamslord85@gmail.com

Жауап беру