Digital Bridge үшінші халықаралық форумы: ол қалай өтті?

27-29 қазанда Digital Bridge цифрландыру бойынша халықаралық форумы бір алаңда қазақстандық және халықаралық IT-қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Форум шеңберінде IT-стартаптар өз өнімдерін дамытуға 250 мың АҚШ долларға ие болды.


Форумда министр Бағдат Мусин IT-қауымдастыққа «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын ұсынды, әлеуеті бар IT–жобаларды дамыту мақсатында бірқатар келісімшарттарға қол қойылды, сонымен қатар үздік IT-стартаптарға ақшалай чектер мен IТ-мамандықтарға оқуға мүмкіндік беретін ваучерлер табысталды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі,  «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі.

Іс-шараның бірінші күніне Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Премьер-министр Аскар Мамин, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Қатысу барысында Президентке стартаптар аллеясы ұсынылып, Astana Hub-тың IT-экожүйесінің ағымдағы қызметі туралы айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша комиссиясының отырысы өткізілді.

Министр Бағдат Мусин форумға қатысушыларын құттықтап, саланың жағдайы, цифрландыру мен жаңа жобалар туралы айтып берді.​ ​

Осы жылы іскерлік бағдарламаның негізгі тақырыптары: білікті АТ-мамандарды даярлау, мемлекеттік қолдау шаралары, “ақылды” қалалар мен венчурлық нарықты дамыту, қазақстандық IT-өнімдерді шетелге шығару, цифрлық инклюзия, онлайн білім беру, IT-дегі әйел адамдар, GameDev индустриясын дамыту, цифрлық медиа мен инфлюенс-маркетинг.

Сонымен қатар, форум шеңберінде ҚР ЦДИАӨМ мен HUAWEI, «Ғалам» ЖШС пен OneWeb, Astana Hub пен MTS арасында екіжақты және Astana Hub & кремний алқабының акселераторы Plug and Play Kazakhstan & Transtelecom арасында үшжақты келісімшартқа қол қойылды.

Plug and Play Kazakhstan әріптестігінің шеңберінде корпоративті акселератор іске қосылды, мұнда 20 қазақстандық IТ-стартап Кремний алқабы мамандарының жетекшілігімен өз дағдыларын жақсарту мүмкіндігіне ие бола алады. Ал MTS StartUp Hub инновациялар мен инвестициялар ортылығы Нұр-Сұлтанда Astana Hub территориясында бесінші буын желілерінде Қазақстанның технологиялық компаниялары мен стартаптардың шешімдерін іріктеу, тестілеу және жөнге келтіру мақсатында 5G орталығын ашуға көмектеседі.

Digital Bridge алаңында дәстүрдегідей технологиялық стартаптар екі күн бойы Astana Hub Battle-да шайқасты. Осы жылы Astana Hub Battle байқауына қатысуға 250 сұраным келіп түсті, ал өз стартаптарын әділ қазылар назарына тікелей 89 компания ұсынды. Байқау қорытындылары бойынша үздік жас АТ-компаниялардың үштігі анықталды. Олардың ішінде:

1 орын — Oquda — студенттерді шетелдік университеттерге түсіру саласындағы алғашқы Market Network платформасы. Платформа бір сатып алушыға шетелдік білімді қолжетімді ету үшін дүние жүзі бойынша мамандардың жұмысын ұйымдастырады.

2 орын — Parqour — ақылды көлік қою жүйесі, ол нөмірлердің 99%-ын анықтап танып, көлік қоюдың бағасын автоматты түрде есептеп, төлемді  QR_коды арқылы немесе кез келген банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асыруға көмектеседі.

3 орын — UvU — ортақ сапар ақылды жүйесі бар балаларды қауіпсіз тасып жеткізетін мобильді қосымшасы.

 Компаниялар өз IT-өнімдерін дамытуға ақшалай чектерге ие болды, олардың сомалары: $10 000 (1 орын), $5 000 (2 орын), $ 3 000 (3 орын).

Форумда Astana Hub-тан Seed Money қаржыландыру байқауының жеңімпаздарының аттары белгілі болды. Parqour, Kids Security, SipSim, FlowSell.me, Oqylyq.kz жас АТ-компаниялары өз стартаптарын дамытуға 20 млн. теңгеге ие болды. Салтанатты түрде табыстау рәсіміне ҚР  цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыштық өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев қатысты. Қаржыландырудан басқа байқау жеңімпаздары тегін жұмыс кеңістігі, оқу мен жетекшілік, инвесторлар мен 500 АТ-компаниядан тұратын қауымдастыққа, салықтық және визалық преференциялар, PR-сүйемелдеуге қолжетімділік түріндегі қолдауға ие болады.

ҚР  цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыштық өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Tech Orda бағдарламасының шеңберіндегі АТ-мамандықтарына оқуға байқаулық іріктеуінің алғашқы бес жеңімпазына   сомасы 600 мың теңге оқу ваучерлерін табыстады.

IT-ваучерлер ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 мың білікті IT-маман даярлау тапсырмасын орындауға бағытталған.

«Бүгін біз  алғашқы бес IT-ваучерді табыстап отырмыз. Қазақстандық IT-секторды күшейтудің маңызы зор. Мемлекетімізге жас білімді, мотивациясы бар мамандар қажет. 2025 жылына қарай біз 20 мың IT-ваучерді табыстауды жоспарлап отырмыз. Бұл IT-секторда келешекте сапалы өнімдерді шығара алатын жоғарыбілікті мамандардың көбеюіне жол береді», – деді ҚР  цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыштық өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бағдарламаны ҚР  цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыштық өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Astana Hub технопаркі жүзеге асыруда, бұл бағдарлама қазақстандықтарға IT-мамандығын меңгеруге 600 000 теңге қаражатқа ие болуға мүмкіндік береді. 2021 жылы бағдарлама іске қосылып, 100 қазақстандыққа үздік бағдарламалау мектептерінде оқуға квота берілді. Аталмыш бағдарламаға Қазақстанның 13 IT-мектебі қатысады (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Орал, Семей, Ақтау).

«Осы жылы Digital Bridge 2021 Қазақстан, Ресей, Беларусь, АҚШ пен Индонезияның 70-тен астам спикерлер мен 5000-нан астам қатысушының басын біріктіріп отыр. Алғаш рет форум гибрид форматта өткізілуде - шамамен 1000 офлайн қатысушы мен 4000-нан аса адам дүние жүзінің түкпір-түкпірінен қосылды. Форум алаңында жоғары деңгейдегі ресми кездесулер де, IT-қауымдастығының бейресми іс-шараның бірқатары өткізілді. Форум АТ саласының дамуына жаңа түрткі берді», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.  

Digital Bridge 2021 форумы «Қазақтелеком» АҚ, BTS Digital, «Теңізшевройл» ЖШС пен «Транстелеком» АҚ қолдауымен өткізілді. Форумның ақпараттық серіктестері: The Steppe, Zakon.kz, 5Q Media, Profit.kz, Baigenews, Weproject.media, Bluescreen, The Tech, YellowRockets, Panorama жарнамалық агенттігі, iMas, KazInform халықаралық ақпараттық агенттігі, ER10 media.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін