Қазақстанда Astana Hub-та 5G орталығы ашылады

Серіктестік туралы келісім-шартқа Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен MTS StartUp Hub инновация және инвестиция орталығы қол қойды. Келісімшарт негізінде Қазақстанның технологиялық компаниялары мен стартаптарға бесінші ұрпақ желісінде шешімдерді іріктеу, тестілеу және жөндеу мақсатында Нұр-Сұлтанда 5G орталығын ашу көзделген.


Келісім Digital Bridge-2021 халықаралық технологиялық форум шеңберінде жасалды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар, аэрокосмостық өндіріс министрлігі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ мен IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Astana Hub ұйымдастырды.

«5G орталығы келесі жаңа технологияларды қолданып, IT-шешімдерді табуға мүмкіндік береді: ғаламтор заттары, виртуалды және қосымша шындық, 3D-модельдеу және т.б. Осылай IT-әзірлеушілері үшін мансапты дамыту жолындағы жаңа мүмкіндіктер ашылады, ал қолданушыларға қызметтер мен қосымшалар жылдамдығы мен қолайлығы артады. 5G орталығын MTS StartUp Hub-пен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында іске қосу 2022-ші жылдың басына жоспарланған», - дейді Astana Hub-тің бас директоры Мағжан Мадиев.

MTS StartUp Hub пен Astana Hub AR, VR, XR-қызметтерін, ойын-сауық және медиа, өнеркәсіп және сандық жылжымайтын мүлік салаларындағы шешімдерді ұсынатын стартаптарды іздеуде. 5G орталығында жұмыс жасау үшін өтінімді astanahub.com сайтында беруге болады. Үздік жобалар ақшалай гранттар мен ірі компаниялармен әріптестікке ие болады.

«Astana Hub-пен серіктестік MTS StartUp Hub халықаралық технологиялық скаутинг бағдарламасын кеңейтеді, енді біз Қазақстандағы үздік цифрлық жобаларды іріктейтін боламыз. Қазақстандық командалар біздің Ресейдегі 5G орталығының резиденттері бола алады, оларға МТС бесінші ұрпақтағы инфрақұрылым, ресурстар мен байланыстың көмегімен өз шешімдерін жасап, ресейлік компаниялармен бірлесіп пилоттық жобаларын іске қоса алады. Сонымен қатар біз 5G Нұр-Сұлтанда іске қосу үшін сараптама жүргізуге дайынбыз. Бұл алаң Қазақстанда инновацияларды дамытуға күшті серпін беретіне сенімдімін», - деді инновация және инвестиция бойынша МТС компаниясының директоры Дмитрий Курин түсіндіреді.

Ресейдің стартаптары Astana Hub резиденттері атанып, арнайы салыұтық жеңілдіктер, жұмыс кеңістіктері, даму бағдарламалары мен АХҚО ұсынатын ағылшын құқық негізіндегі шетелдік инвестицияларды қорғауға қолжетімділікке және басқа да преференцияларға ие бола алады.

5G орталығында желімен жабу бөлмелерде ғана емес, сондай-ақ жақын аймақтарда да қамтамасыздандырылады. Нәтижесінде стартаперлер дрондар мен адам басқармайтын ұшу аппараттары арқылы шешімдерді тестілей алады.

Айта кететін тағы бір жайт, ҚР цифрлық даму, инновациялар мен аэрокосмостық өндіріс министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлта, Алматы, Шымкент пен Түркістан қалаларындағы белгілі бір аймақтарда  5G тестілеуді іске асырды.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін