Astana Hub-пен бірге цифрлық дағдыларды меңгеріңіз!

Көптен бері өз ісіңізді цифрландырғыңыз келсе, бірақ оның қалай іске асатынын білмей жүрсеңіз...


Astana Hub ұсынатын инновациялық технологиялар және цифрлық өнімдермен жұмыс істеуді тегін үйренуге, сондай-ақ тиімді коммуникацияларға арналған орта құруға бағытталған бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Тәжірибелі шетелдік сарапшы видеолекция форматында тексерілген құралдар мен практикалық ұсыныстар туралы әңгімелейтін болады.

4 сағаттық интенсив барысында сіз өзіңіздің бизнес процесіңізді жақсарту үшін қандай қадамдар жасау керек екенін біле аласыз.

Курс барлық бизнес иелеріне: акционерлерге, компаниялар мен корпорациялардың топ-менеджерлеріне, бас және қаржы директорларына, R&D және HR бағыттарының жетекшілеріне, заманға ілесіп, өз орындарында бәсекеге қабілетті болғысы келетін тұлғаларға арналған.

Ескертеміз: өтінімдерді қабылдау 19 маусымға дейін Astana Hub платформасындағы сілтеме бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін