MoonAI негізін қалаушы Асхат Адхамов өнімді Shark Tank форматында таныстырды. Платформа компанияларға сатылым, клиенттермен жұмыс және операциялық процестерге арналған AI-агенттерді өздерінің ML-командаларын құрмай-ақ, күрделі инфрақұрылымсыз енгізуге мүмкіндік береді. Шешім негізінен шағын және орта бизнеске бағытталған және қазірдің өзінде Орталық Азиядағы жүздеген компанияда қолданылып жатыр.
Инвесторлар жобаның нақты трекшнін, нарықтағы қарқынды өсімін және команданың мықты екенін атап өтті. AI-шешімдер нарығындағы жоғары бәсекеге қарамастан, келіссөздер нәтижесінде Оскар Хартманн MoonAI-ға ұсынылған шарттармен қосылу жөнінде шешім қабылдаған.
«Ерте кезеңде капитал тартумен қатар, келіссөздерде дұрыс позиция ұстану өте маңызды. Бизнестің де, инвесторлардың да мүддесін қорғай білу компанияның тұрақтылығын қалыптастырып, келесі раундтардың сапасына тікелей әсер етеді», – деді MoonAI негізін қалаушы Асхат Адхамов.
Оскар Хартманмен жасалған мәміледен бөлек, стартапқа бірнеше жеке инвестор мен клубтар да софт-коммитмент берді. Тартылған қаражат өнімді дамытуға және ауқымды масштабтауға дайындыққа бағытталады.
Оскар Хартманмен әріптестік тек инвестициямен шектелмейді: компания инвестордың кейбір бизнесінде өз AI-агенттерін пилоттық режимде енгізе бастады. Ынтымақтастық тікелей коммуникация мен жоғары сенімге негізделіп отыр.
Айта кетерлігі, MoonAI бұған дейін ACTIVAT VC венчурлық қорынан $50 мың, IT Park Ventures (Өзбекстан) қорынан $75 мың және Most VC қорынан $200 мың инвестиция тартқан болатын.