«Carbide Ventures атты Кремний алқабының жетекші венчурлік қоры және белгілі қазақстандық кәсіпкер Шухрат Ибрагимов zypl.ai-ға инвестиция салғанын қуана хабарлаймыз. Аталған bridge раунды ($5,5 млн, компания бағасы $80 млн) жабылды. Келесі кезең – Series A», – деп жазды zypl.ai негізін қалаушы Азизджон Азими Instagram парақшасында.
zypl.ai – Astana Hub қатысушысы, Astana Hub Ventures-тің портфельдік компаниясы және Silkway Accelerator халықаралық акселерация бағдарламасының түлегі. Компания тұрақты өсім көрсетіп, өңірдегі болашағы зор AI-компаниялар қатарындағы орнын нығайтып келеді.
Тартылған инвестициялар zypl.ai-дың еселеніп дамуына жол ашады. Бұл компанияның технологиялық платформасына көрсетілетін айрықша сенімді және халықаралық ауқымының кеңдігін дәлелдейді. Bridge раундынан түскен қаражат негізгі нарықтардағы қатысуды кеңейтуге және банктерге арналған жаңа буын шешімдерін енгізуге бағытталады. Бұл шешімдер компанияның zGAN моделі негізінде әзірленген.
zypl.ai аутлайер сипаттағы синтетикалық деректермен жұмыс істеуге арналған zGAN генеративті моделін әзірледі. Бұл тәсіл макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында предиктивті AI-модельдердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған технология бойынша arXiv платформасында екі ғылыми мақала жарияланып, нәтижелері NeurIPS конференциясында ұсынылған. zGAN синтетикалық деректер генераторы zypl.ai әзірлеген Lucid платформасына енгізілген. Бұл – қаржы ұйымдарына AI-модельдерді өз бетінше әзірлеп, енгізуге мүмкіндік беретін no-code шешім.
Айта кетейік, бұған дейін компания $2 млн көлемінде стратегиялық инвестиция тартты. Инвестор ретінде қаржы қызметтері саласындағы белгілі кәсіпкер әрі инвестор Хофиз Шахиди қатысты.