Өтінімдерді 2026 жылғы 17 маусымға дейін astanahub.com платформасында тапсыруға болады.
AI’preneurs - әртүрлі елдерден келген мамандарды біріктіретін бағдарлама. Қатысушылар технологиялық өнімдерді әзірлеп, өз AI-стартаптарын іске қосуға мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында қатысушылар идеядан бастап команда құру, MVP әзірлеу, алғашқы пилоттарды іске қосу және инвестиция тартуға дейінгі толық жолдан өтеді. Бағдарламаға әзірлеушілер, инженерлер, жасанды интеллект саласындағы мамандар, product және project менеджерлер, аналитиктер, кәсіпкерлер, маркетологтар және AI өнімдерін жасауға қызығушылық танытқан барлық маман қатыса алады. Іріктеу барысында қатысушылардың өнім жасай алу қабілетіне, гипотезаларды жылдам тексеруіне және нақты нәтижелер көрсетуіне ерекше назар аударылады.
«Бүгінгі нарыққа тек идеялар емес, жылдамдық пен нәтиже қажет. AI’preneurs бағдарламасында командалар қарқынды режимде жұмыс істеп, гипотезалардан дайын өнімдерге жылдам өтеді. Бағдарлама барысында қатысушылар тек білім алып қоймай, стартапты іске қосудың толық процесін еңсеріп, нәтижеге қол жеткізеді», — деді Almaty Hub директоры Аида Дусова.
Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең — төрт аптаға созылатын Founder Lab. Бұл кезеңде қатысушылар командасыз қатысып, бір-бірімен танысып, қарқынды практикалық жұмыс арқылы болашақ стартап-командаларды қалыптастырады. Одан кейін Core Accelerator кезеңі басталады. Бұл он аптаға созылады және осы уақытта командалар өз өнімдерімен жұмыс істеп, гипотезаларды тексеріп, MVP жасап, алғашқы пайдаланушыларға шығады. Сонымен қатар бағдарлама аясында коливинг қарастырылған: басқа қалалардан және шетелден келген қатысушыларға бағдарлама кезеңінде жайлы тұрғын үй ұсынылады.
Бағдарламаның финалы Demo Day форматында өтеді. Бұл күні үздік командалар өз жобаларын инвесторлар мен корпоративтік серіктестерге таныстырады.
AI’preneurs бағдарламасы алғаш рет 2024 жылы Astana Hub базасында іске қосылып, осы уақыт ішінде бағдарламалау мен машиналық оқытудан бастап өнімді басқару және бизнес-девелопментке дейінгі түрлі салалардың қатысушыларын біріктірген мықты қауымдастық қалыптастырды. Алдыңғы легтер барысында бағдарламаға 960-тан астам өтінім түсіп, 79 қатысушы бағдарламаны аяқтап, 35 стартаптың құрылуына ықпал етті. Бұл стартаптар бүгінде 400 мың АҚШ долларынан астам инвестиция тартқан.
Бағдарлама түлектерінің қатарында AI, HealthTech, EdTech, HRTech, FinTech, GameDev, өнеркәсіптік қауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылым, компьютерлік көру және бизнес-процестерді автоматтандыру салаларындағы стартаптар бар: SALESFLOW.TEAM, Ai Card, Salyq.AI, Chat Insider AI, Qural.AI, AVM.AI, Skideo, KAFTAN, RE:Create Video, STIKER.AI, ATeam, OYS, Co Founder AI, Yer AI Mentor, TabiLens, U-Drone, Botable.dev, Ping!, OMIR.AI, NIGIN, SolidRock, GoStratify, AiPrower, Corelis AI, Loadify.ai, Strimmeo, InnerSpace, Electi, Agesta.ai, DataX AI, RailGuard, Modeleon, Just EDU және Label-Gate.
Қатысушылар Almaty Hub инфрақұрылымына, GPU қуатымен жабдықталған AlemPlus платформасына, воркшоптарға, трекингке және менторлық қолдауға қол жеткізеді. Үздік командалар SAFE-келісімшарт негізінде бастапқы инвестиция алу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ Astana Hub халықаралық экожүйесі арқылы шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігі ұсынылады.
Бағдарлама туралы толығырақ ақпарат алып, өтінім беру үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://astanahub.com/ru/l/aiprenuersalmaty2026
Анықтама:
Almaty Hub – Алматы қаласындағы Astana Hub филиалы. Алаң IT-қоғамдастықты дамытуға, стартаптарды қолдауға және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған. Astana Hub экожүйесінің бағдарламаларына, білімдері мен ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.