Бұл мәселе 12 қазанда Astana Hub-та киберқауіпсіздік бойынша әлемдік аренадағы көшбасшы компания - Израиль ұлттық кибернетикалық бюросының (Israel National Cyber Directorate) өкілдерімен кездесуінде талқыланды.
Авирам Атзаба, INCD стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директоры және Юлия Рачински Спиваков, Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрлігінің Еуразия және Азия елдері бойынша экономикалық мәселелері жөніндегі директорының орынбасары Astana Hub технопаркінің қызметімен қызығушылықпен танысып, технопарк қатысушылары - стартаптардың қандай мүмкіндіктер алатынын білді.
Кездесуде қатысушылар киберқауіпсіздік бағытында жұмыс істейтін стартаптарды қолдау мәселесін талқылады. Осы тақырыптың өзектілігіне орай саланы дамыту Қазақстан үшін үлкен маңызға ие.
Авирам Атзаба атап өткендей, «Жаңа технологиялар мен ғылыми прогресс дамыған сайын, киберқауіпсіздікті күшейту бүгінде әр ел үшін басымдыққа ие болуы керек».
Израиль - киберқауіпсіздікке әлем бойынша ең көп инвестиция салатын, сонымен қатар білім берудің ең прогрессивті жүйелерінің бірімен біріккен ел. Ұлттық кибернетикалық бюроның жұмысы кезінде күнделікті кибершабуылдарға қарамастан, Израильдің стратегиялық инфрақұрылымдарына ешқандай зиян келтірілген жоқ.