Astana Hub-та GovTech платформасының мүмкіндіктері туралы талқылау жүргізілді

Дөңгелек үстелде GovTech платформасын енгізудің техникалық мүмкіндіктері, платформаны әзірлеу әдістемесі, қажетті инфрақұрылым және Сбербанкпен өзара әрекеттесу алгоритмдеріне байланысты ой қозғалған болатын.


Спикерлер жаңа платформаға көшу адам факторымен байланысты тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік беретінін процестерді оңтайландыруға және сұраныстарды өңдеу үшін жұмыс уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Жаңа платформаға көшудің мақсаты жедел  түрде – мемлекеттік аппараттағы қызметкерлер санын қысқарту, қағазбастылық пен бюрократияны азайту. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту», - деп Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Асқар Жамбакин айтқан.

Ростислав Коняшкиннің айтуынша, платформа жаңа емес, оның қызметі 2 жылдан астам уақытында талқыланған.  GovTech IT-компанияларының өнімдерін әзірлеу үшін стандарттарды, архитектураны және өнімді дайындаудағы қолжетімділікті біріктіреді.

Алдағы уақытта осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарлануда. «Astana Hub IT индустриясы үшін қоғамның алаңы ретінде әрекет етуге және проблемалық мәселелерді ашық талқылау үшін жетекші сала мамандарын дайындауға әрқашанда дайын», - деді Мағжан Мәдиев. 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін