Astana Hub-та IT саласындағы әйелдерге арналған конференция өтті
17 мамырда IT Woman 1.0 конференциясы барысында Astana Hub-та 15 табысты әйел IT саласындағы тәжірибесі туралы айтып берді. Қазақстан астанасында өткен конференция IT саласындағы әйелдердің өсіп келе жатқан мүмкіндіктеріне арналды.
QWANT бағдарламалау мектебінің жетекшісі Майра Айдарбекова молекулалық биология мен медицинадан IT саласына қалай келгені туралы өз хикаясымен бөлісті. Сондай-ақ, мектептегі Women In Tech трендін атап өтті: әйел түлектердің саны 18%-дан 46%-ға дейін өсті.
“Конференцияның мақсаты – ІТ әйелдер үшін емес, IT – бұл өте қиын деген мифтер мен стереотиптерді жойып, әйелдерді жоғары технологиялар әлеміне кіруге шабыттандыру және ынталандыру. Бұл бастама елімізде IT-мамандардың әйелдер “армиясын” қалыптастыруға негіз болады деп ойлаймын, өйткені болашақта қолжетімді білім беру, IT кәсібін меңгеру үшін тегін платформаларды әзірлеу және бұдан да көп, бұл елдегі IT-индустрияны дамытуға үлкен септігін тигізеді”, - деді шараны ұйымдастырушы Лаура Тілепина.
Конференцияны ұйымдастырушылар ұсынған мәліметтерге сүйенсек, отандық IT сектордағы қызметкерлердің жалпы санының шамамен 20%-ын әйелдер құрайды. Бұл сан қыздар арасында STEM білім беруді белсенді насихаттаудың арқасында бүкіл ел бойынша баяу, бірақ тұрақты өсуде.
"Mersys – білім беру үшін IT құрылғыларын жасаған компания. Біздің компанияның негізгі құндылықтары - қауіпсіздік, теңдік және инклюзивтілік. Біз бұл “IT-WOMEN 1.0” конференциясын әйелдердің IT саласына назар аудару мақсатында ұйымдастырдық. Біз ІТ саласындағы әйелдер қауымдастығын құруға тырыстық, олар бір-бірімен осы саладағы тәжірибесі, білімі және кеңестерімен бөлісулері үшін мүмкіндік жараттық. Ақпараттық технологиялар мен инновациялар әлемі әйелдерге мұқтаж деп есептейміз", - дейді Mersys өңірлік менеджері Нариман Жұмабеков.
100-ден астам қатысушылар – мектеп оқушылары, студенттер және жас мамандар қатысқан шара Astana Hub қолдауымен өткізілді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін