Astana Hub-та ойын IT-стартаптарын дамытып, жас мамандарды оқытатын GameDev Center ашылды
Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде құрылған GameDev орталығында Қазақстандағы мобильді және компьютерлік ойындардың дамуына үлес қосады. Мұнда 3D модельдеу және анимация негіздеріне тегін оқытып, gamedev стартаптарын дамытады, ал қазақстандық gamedev қауымдастығы үшін білікті кадрлар тапшылығы мәселесі шешіледі.
«Ғаламдық GameDev нарығы 175 миллиард долларға бағаланады. Дүние жүзінде құны 1 миллиард доллардан асатын 30-ға жуық ойын әзірлеуші компания бар, соның кейбірінің негізін қалаушы біздің аймақтағы елдерден шыққан. Мысалы, Wargaming, Playrix, Nexters және т.б компаниялар. Қазақстанда да бұл бағытта сұраныс көп, бірақ саланың дамуы баяу жүріп жатыр. Бізде көптеген талантты суретшілер мен бағдарламашылар бар. Astana Hub-та құрылған орталықтың міндеті - оларды нетворкинг үшін бір платформаға біріктіру, тәжірибелі GameDev компаниялар тарапынан тәлімгерлік және техникалық қолдау көрсету, олардың құзыреттерін нығайтып, мобильді және компьютерлік индустрияда жаңа мамандар мен стартаптардың пайда болуына серпін беру», - деді Astana Hub басқарушы директоры Абай Әбсамет.
GameDev орталығының қызметі үш негізгі бағытқа негізделген:
GameDev Edu – ашық дәрістер форматындағы орталықтың білім беру бағыты. Орталыққа келушілер GameDev саласындағы тәжірибелі тәлімгерлердің шеберлік сабақтарына қатыса алады. Бағдарламаның негізгі бағыттары: art, game design, engine, сонымен қатар саладағы менеджмент негіздері:
- art – цифрлық бейнелеу өнерінің дағдыларын дамытатын креативті бағыт;
- game design - баяндау дизайнына қызығушылық танытатын және анимация, фильмдер немесе ойындар сценарийін жазумен айналысатын, немесе жай ғана ойындарды жақсы көретін және оқиғаларды, атмосфераны және кейіпкерлерді бағалайтындарға арналған;
- engine - GameDev индустриясында бағдарламалау дағдыларын үйрету;
- management – жобаларды басқару, маркетинг, сату және бизнесті дамытудың басқа құралдары туралы тақырыптар талқыланатын бизнес-бағыт.
Оқыту гибридтік форматта өтеді: офлайн режимде Astana Hub-та арнайы жабдықталған аудиторияда өтеді және онлайн трансляция жасалады.
Орталықтың екінші бағыты - GameDev жобаларына нарық мамандары консультациялық қолдау көрсетеді. Стартаптар бизнесті дамыту және жобаларды басқару, сондай-ақ техникалық мәселелер бойынша кеңес алу үшін сарапшыларға жүгіне алады.
Орталықтың үшінші бағыты ойын контентін дамытуға, сонымен қатар техникалық дағдыларды дамытуға арналған. GameDev орталығы барлық қажетті құралдармен жабдықталған: жоғары технологиялық графикалық планшеттер, визуалды деректерді өңдеуге арналған қуатты компьютерлер, виртуалды шындық көзілдірігі және жобаны әзірлеуге арналған басқа да жабдықтар. Зертхана аясында келушілер Unity, Unreal, 3D немесе VR әзірлеуде жұмыс істеу бойынша техникалық кеңес алуға, жабдықтарды қолдануға немесе орталықта тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
Орталық туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден табуға болады https://astanahub.com/ru/l/gamedev
Орталықтың жабдықтарын Glovo компаниясы қамтамасыз етті. Glovo – қолданба арқылы кез келген өнімге тапсырыс беруге, алуға және жіберуге мүмкіндік беретін халықаралық жеткізу қызметі.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін