Astana Hub технопаркінде үш елдің стартаптарына арналған буткемп басталды
Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бастамасымен өтіп жатқан буткемп Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның стартаптары үшін қарқынды идеялар, тәжірибе және білім алмасу алаңына айналмақ.
Инновациялар мен кәсіпкерлік әлеміне жетелейтін іс-шара 21 тамызда Астанада басталды. «Шабыттандыратын инновациялар, қауымдастықтарды түрлендіру» тақырыбындағы онкүндік буткемп инновациялық жобаларды құрудағы трансшекаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.
Astana Hub (Қазақстан), IT Park (Өзбекстан) және Next Step (Әзірбайжан) бірге ұйымдастырылып жатқан бұл буткемп серіктес елдердің әрқайсысында үш күн бойы өтеді.
Бағдарлама нарықты талдау, клиенттік базаны дамыту, құқықтық мәселелер, инвестиция тарту стратегиялары және басқа да көптеген аспектілер бойынша семинарларды қамтиды.
Сонымен қатар қатысушылар экожүйеге толығымен бойлау үшін инновациялық орталықтармен танысып, осы елдердің астаналары мен ірі IT-компанияларын аралу мүмкіндігіне ие болады.
Қатысушыларға жобаны көрсету және желілік дағдыларды жетілдіруге, UX/UI дизайнын оқытуға, жобаларды егжей-тегжейлі талдауға және адами капиталды дамытуға мүмкіндік беретін воркшоптарға ерекше көңіл бөлінеді.
ОАӨЭЫ өңірі инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту перспективасына ие, ал стартаптар экожүйесі жылдам кеңейіп келеді. Стартаптар өз бизнесін кеңейту кезінде кездесетін әдеттегі қиындықтарды шешу үшін өңірлік Startup Bootcamp әзірленді. Бұл буткемп практикалық білімді, желіні және негізгі ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін