Жоба «ERG Mektep» бағдарламасы шеңберінде салынған Рудный қаласындағы заманауи мектеп-гимназияда іске қосылады. Аталған бағдарлама аясында компания білім беру және әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Safe Schools мониторинг пен алдын алу бағытындағы озық технологияларды біріктіре отырып, оқушылар арасындағы буллинг, киберқауіптер, вейпинг, депрессия және суицидке итермелейтін ойлардың белгілерін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе деректерді нақты уақыт режимінде талдап, алаңдатарлық белгілер анықталған жағдайда ата-аналар мен педагогтерді жедел түрде хабардар етеді, осылайша дағдарысқа ұласуы мүмкін жағдайларды болдырмауға көмектеседі. Бұдан бөлек төтенше жағдайларда геолокацияны бір сәтте жіберіп, көмек шақыруға мүмкіндік беретін SOS батырмасы іске қосылады.
«ERG үшін тек инфрақұрылым салып, жұмыс орындарын ашу ғана емес, болашақты – балаларымызды қорғау да маңызды. Safe Schools мектепті баланың қорқынышсыз өсіп, дамуына жағдай жасайтын кеңістікке айналдырады», – деді ERG Kazakhstan компаниясының персонал және корпоративтік мәдениет жөніндегі бас директордың орынбасары Анастасия Круч.
«Миссиямыз – әрбір баланың қай жерде болмасын өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау. Safe Schools – бұл жай ғана технология емес, адам өмірін сақтап қалуға қабілетті құрал», – дейді AMAN компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Аружан Меде.
ЮНИСЕФ пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды немесе оның қатысушысына айналады. Сонымен қатар цифрлық қауіптер мен кибербуллингтің өсуі мектеп қауіпсіздігі мәселесін әрбір білім беру ұйымы үшін аса өзекті етіп отыр.
2026 жылдың соңына дейін жалғасатын пилоттық жоба Рудный қаласындағы гимназияны заманауи технологиялар мен жан-жақты ойластырылған қауіпсіздік құралдарының көмегімен әрбір бала өзін қорғалған сезінетін мектеп моделінің үлгісіне айналдырады.
Еске салсақ, 1 200 орынға арналған жаңа буын мектеп-гимназиясы Рудный қаласында былтыр қыркүйек айында салтанатты түрде ашылды. Бұл – ERG компаниясы соңғы үш жылда Қазақстанда салған үшінші мектеп. Жалпы аумағы 19 590 шаршы метрден асатын гимназия «Келешек мектептері» жобасы аясындағы ең ірі білім беру нысандарының бірі саналады. Сондай-ақ бұл еліміздегі алғашқы «жасыл» мектеп болмақ. Соңғы бірнеше жылда «ERG Mektep» бағдарламасы шеңберінде компания мектеп білімін дамытуға 15 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады.
Мектепті мына сілтеме арқылы көруге болады.
ERG мектебі – өзге білім беру ұйымдары үшін бағдар әрі пилоттық алаң бола алатын «болашақ мектебінің» іске асқан үлгісі. Ол Ұйымның ұзақмерзімді тұрақты даму стратегиясының ажырамас бөлігіне айналып отыр.
Жаңа гимназия – жай ғана заманауи білім беру мекемесі емес, инклюзивті архитектурасы, қолжетімді ортасы және кешенді қауіпсіздік жүйесі бар мұқият ойластырылған экожүйе. Оның негізінде эргономикалық, экологиялық және энергия тиімділігі қағидаттары жатыр.
Сонымен қатар ERG мен «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорының бірлескен жобасы аясында Рудный қаласына STEM пәндері бойынша төрт тәжірибелі мұғалім жіберілді. Бұл педагогтер тек оқытушы ғана емес, сонымен бірге мектеп қауымдастығын дамытуға бағытталған әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыратын инноваторлар ретінде жұмыс істейді.
Бұған дейін ERG Павлодар облысындағы Қаражар және Сычевка ауылдарында екі жаңа үлгілі мектептің құрылысы мен жабдықталуын толық қаржыландырды. Компания Павлодар облысының Ақсу қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ тілінде оқытатын мектепті және Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы №2 гимназияны жаңғыртуға қаржы бөлді.