«Клиенттеріміздің кірісі 2 айда 20%-ға өсті» - онлайн маркетинг үрдістерінің платформасы бизнеске қалай көмектеседі

«ALTA» ЖШС – Astana Hub мүшесі болған нейрондық желіні пайдалана отырып, EIRA интернет-маркетинг процестері бойынша шағын және орта бизнеске көмек көрсету алаңы. Оның бас директоры Алена Захаровамен сұхбатты оқыңыз.


Платформа туралы. Осындай ерекше платформа жасау идеясы сізге қалай келді?

Шағын және орта бизнеске маркетингтік процестерді ұйымдастыруға көмектесетін платформа құру идеясы менде бұрыннан пайда болған. ШОБ маркетологы ретіндегі 12 жылдық мансабым кезінде маған 300-ден астам компаниямен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Мен әрқашан маркетологтардың жұмыс үрдістерін автоматтандырғым келді.

Біздің платформа, барлық стартаптар сияқты, үнемі модификациялау үстінде. Бүгінгі таңда жобамыз «тереңдетілген сұхбат» сатысында: Нұр-Сұлтан мен Алматы нарығында біз 2 ай ішінде 10-нан астам компанияны тауып, табысты қызмет көрсетудеміз. Қазір біз масштабтаудың келесі кезеңіне дайындалудамыз.

Көшу туралы. Неліктен Қазақстанды таңдадыңыз?

Командамыздың негізгі құрамы Саха Республикасында (Якутия) тұрады, қоныс аудару туралы ой келгенде, біз бірден Қазақстанға көшу туралы бірауыздан шешім қабылдадық. Біз мұнда бұрын келіп едік және осында болғанда әрқашан өте қуаныштымыз. Менталитеттердің ұқсастығына байланысты Қазақстанда бізге өте ыңғайлы: якут тілі мен қазақ тілі түркі тілдер тобына жататындықтан, сөздердің көпшілігі ұқсас.

Ірі жобалар туралы. Сіз қандай жетістіктермен мақтанасыз?

Қазақстанда 2 айда біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік: жалпы клиенттеріміздің кірісінің өсімі 20% құрайды. Мәселен, бастапқыда олардың айлық айналымы 45-48 миллион теңге аралығында болса, бүгінде табысы 51 миллион теңгеге дейін жетіп отыр. Бұл мақсатқа 2 айда қол жеткізу дұрыс маркетингтік процестерді жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды.

Команда туралы. Жобаны Қазақстанда жүзеге асыру бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

Бүгінгі таңда біздің компаниямызда 5 адам жұмыс істейді: екеуі қашықтықтан Якутиядан және үшеуі Қазақстанда. Біз Customer Development кезеңінен өттік және жергілікті нарықтың ерекшеліктерін ескере отырып, өнімімізді түрлендірдік.

Қазір біз жергілікті мамандардан құралатын команданы іріктеудеміз: біз сұхбаттың бірінші кезеңін өткіздік және мұнда көптеген талантты және жас маркетинг мамандары бар екеніне өте қуаныштымыз! Айтпақшы, astanahub.com оқырмандарының арасында жақында ғана Digital маркетинг курстарын бітірген маркетологтар болса, бізбен бірге жұмыс жасауға сұраныстарыңызды жіберіңіздер! eiradigital@yandex.ru электрондық пошта мекенжайына жазыңыздар, ұялмаңыздар.

2022 жылдың соңына дейін біз командаға 50-70 адамды жинап, Қазақстандағы 150 ШОБ компаниясымен ынтымақтастықты орнатқымыз келеді! Біздің міндетіміз – өлшенетін мақсаттарға жету үшін заманауи цифрлық технологияларды және стратегиялық тәсілді пайдалана отырып, кәсіпкерлерге өсіп-өркендеуге көмектесу.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін