Astana Hub-тың YouTube-арнасында AI’preneurs реалити-жобасының үшінші бөлімі жарық көрді. Жаңа шығарылымда қатысушылар ғаламторсыз әрі ешқандай байланыссыз қалады. Енді олар сынақтардан тек өздерінің шешімдері мен команданың қолдауына арқа сүйеп өтуі тиіс.
Survival-форматында өткен бұл бөлім қатысушылардың бір-біріне деген сенімін, өзара көмек көрсету ниетін және белгісіздік жағдайында әрекет ету қабілетін сынға салды. Ортақ мақсатқа жету үшін олар өзара тіл табысып, келісімге келіп, қиындықтарды бірлесе еңсеруі керек болды.
Мұндай сынақтар стартап құрудың аса маңызды бір тұсы — командамен жұмыс істей білу дағдысын ашып көрсетеді. Үйреншікті құралдар қолжетімсіз болған сәтте, бір-бірін тыңдай білу, жауапкершілікті мойынға алу және қасыңдағы адамға демеу болу сияқты қасиеттер бәрінен де маңыздырақ бола түседі.
Жаңа шығарылым осылайша бірге өткерген оқиғалардың қатысушыларды қалай біріктіретінін және AI-стартаптарды құруға қабілетті мықты командалардың қалай жасақталатынын көрсетеді.
AI’preneurs реалити-жобасының үшінші бөлімін Astana Hub-тың YouTube-арнасынан тамашалаңыздар.