Astana Hub-тың YouTube-арнасында жасанды интеллект саласында стартаптар құруға арналған AI’preneurs реалити-жобасының екінші шығарылымы жарық көрді. Көрермендер қатысушылардың идеядан бастап, өз AI-өнімін іске қосқанға дейінгі жолын әрі қарай да бақылай алады.
AI’preneurs — жай ғана реалити-жоба емес, бұл өз идеяларын нақты технологиялық шешімдерге айналдыруға бел буған жандар туралы оқиға. Әр жобаның артында үлкен амбиция, тәуекел, пікірлес жандарды іздеу және нарықты өзгерте алатын өнім жасап шығаруға деген ұмтылыс жатыр.
Екінші шығарылымда қатысушылар өзара танысып, идеяларын ортаға салып, команда жасақтауды жалғастырады. Енді олар ортақ мақсаттарын айқындап, міндеттерді өзара бөлісіп, өз стартаптарын құру жолындағы алғашқы қадамдарын жасауы тиіс.
Алайда, мықты команда жасақтап, әлеуеті жоғары бағытты таңдау — оңай шаруа емес. Қатысушылардың түрлі көзқарасы, жұмыс тәсілі мен кәсіби тәжірибесі болашақ өнімді жасау жолында әрі үлкен артықшылыққа, әрі алғашқы сынаққа айналып отыр.
Алда — жаңа шешімдер, алғашқы сынақтар және жобаның барысына тікелей әсер ететін маңызды сәттер. Қандай идеялар әрі қарай дамытылады, кімдер өз пікірлестерін табады және қай командалар доданы жалғастырады — мұның бәрін Astana Hub-тың YouTube-арнасындағы AI’preneurs реалити-жобасының екінші шығарылымынан тамашалаңыздар.