Автокөлікті тіркеу оңай бола түсті: енді қызметті мобильді қосымша арқылы онлайн жүзеге асыра аласыз
Бұл туралы кеше, 25 қаңтар күні, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Astana Hub алаңындағы кездесуі кезінде белгілі болды.
Көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді бола түсті. Бұрын автокөлікті тек мамандандырылған ХҚКО-да немесе eGov.kz порталында тіркеуге болатын болса, қазір автокөлік иелері көліктерін Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы тіркей алады. Жақын арада мұндай қызмет Homebank, Сбербанк және сол сияқты басқа мобильді платформаларда да іске қосылады.
Сондай-ақ, Astana Hub технопаркі алаңында министрліктер басшылары бірнеше стартаптардың қызметімен, оның ішінде КПТҮ басқару органдары, мүлік иелері мен тұрғындар арасындағы өзара жұмыстар мен барлық қазмет түрлерін қамтамасыз ететін E-Knot ақпараттық-цифрлық платформасымен танысты. Мұғалімдерсіз, лекцияларсыз, бағалаусыз және дәстүрлі оқытудың басқа да элементтерінсіз әлемдік деңгейдегі IT-мамандарды дайындайтын alem бағдарламалау мектебіне де экскурсия жасалды.
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
#hub_news
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін