🤖 AI Prompting Game
4 мамырда Көкшетаудағы жасанды интеллект бойынша алғашқы командалық ойынға — AI Prompting Game-ге — оқушыларды шақырамыз! 🧠
ЖИ-мен дәл өзің қалағандай сөйлесе аласың ба? Қазір бұл — әлемдегі ең сұранысқа ие дағдылардың бірі, ал біз оны ойынға айналдырдық. 🎮
Командалар бірнеше кезеңде бәсекелеседі, күрделілік біртіндеп артады — мәтіндік тапсырмалардан бастап, суреттер генерациялауға дейін. Жеңімпаз — көп білетін емес, дәл ойлайтын! 🏆
Бағдарламада:
🔹 Мини-дәріс: ЖИ үшін сұраныстарды дұрыс жазу;
🔹 Күрделілігі артып отыратын командалық кезеңдер;
🔹 Тікелей жарыс — қай команда ЖИ-мен жақсырақ сөйлеседі;
🔹 Жеңімпаздарды марапаттау және керемет жүлделер.
Іс-шара туралы ақпарат:
📆 Күні: 2026 жылғы 4 мамыр
⏰ Уақыты: 15:00
📍 Орны: Көкшетау қ., Сарыарқа шағынауданы, 15/4, «Білім-Инновация» мектеп-интернат лицейі
-
Ұйымдастырушы
Астана Хаб дербес кластерлік қорының Көкшетау қаласы бойынша филиалы
-
Сала
Басқа
-
Формат
Оффлайн
-
Регион
Көкшетау
-
Мекенжай
020000 Кокшетау, Казахстан
-
Басталу күні
Мамыр 4, 2026 15:00
-
Аяқталу күні
Мамыр 4, 2026 19:00