Сізді Pitch Competition питч-конкурсына шақырамыз!
5 қарашада Defense Tech Hub және MOST Property қорғаныс және технологиялық шешімдер саласындағы жобаларға арналған питч-конкурс өткізеді.
Іріктеуден өткен 10 стартап сарапшыларға өз жобаларын таныстырып, жалпы жүлде қоры 2 000 000 ₸ болатын байқауда бақ сынайды. Бұл — Defense Tech саласындағы болашағы зор әзірлемелермен танысуға, жаңа технологиялық шешімдер туралы білуге және жобаларын таныстыратын командаларға қолдау көрсетуге тамаша мүмкіндік.
📅 5 қараша
🕔 14:30
📍 Almaty Hub, Зенков көшесі, 24, 4-қабат, Event Hall
Ескерту: Іс-шараға қатысу үшін алдын ала Astana Hub қосымшасын жүктеп алып, тіркеліңіз.
Басқа да іс-шаралар туралы ақпарат:
Instagram: Almaty_hub
Telegram: Almaty Hub