Figma-да дизайнды үйрену бойынша 3 күндік тегін курс! Дизайнмен жұмыс істеуді қалай бастауға болады: теориядан бастап практикаға дейін

18-20 қазан аралығында фрилансер, тәжірибелі графикалық және моушен дизайнері Александр Реймер сіздер үшін графикалық дизайн бойынша тегін оқыту өткізеді, бұл оқытудан кейін сіз өзіңіздің жеке шығармашылық жобаларыңызды жасай алатын боласыз.

 

Біз жаңадан бастап жатқан дизайнерлерді, студенттерді және осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардың барлығын курста күтеміз. Дизайн әлеміне деген қызықты саяхатқа қосылыңыз және жобаларыңызды керемет тартымды етуді үйреніңіз!

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.